Популярные темы

Новости сайта Ақтөбе газеті — страница 7

Жаңа технология және мемлекеттік қызмет

Ақтөбе газеті, 10 января 2020 в 21:02

Жаңа технология және мемлекеттік қызмет
Бүгінде жаңа технологиялар халық өмірінің бір бөлігіне айналып, жыл сайын олардың ұстанымы нығая бастады. Көптеген адамдар үшін жаңа технология өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Оның зияндығынан гөрі тиімді жақтары әлдеқайда көп.Сымсыз желі байланысы, күрделі бағдарламалар, серпін және басқа да адамдарға жат құрылғылар адамдардың өмірін жеңілдетуге, еңбегін азайтуға бағытталып жасалады.Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.Аталған пилотты жүзеге асыру жөніндегі бірлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қол қойды.

Рождество мерекесімен құттықтады

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 12:02

Рождество мерекесімен құттықтады
Сейсенбі күні ақтөбеліктер Рождество мерекесін атап өтті.Бұл күні таңертең облыс орталығындағы шіркеуге православ христиандары жиналды. Облыстағы барлық православтар шіркеулерінде Рождестволық жоралғылар жасалды.— Қазақстанда 7 қаңтар мереке күні болып белгіленгеннен бастап Рождестволық литургияны қалт жібермеймін. Үйім шіркеуге жақын.

Сенат депутаттары — батырлар мекенінде

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 12:02

Сенат депутаттары — батырлар мекенінде
Ақтөбеге кезекті жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев дүйсенбі күні Қобда ауданына қарасты бірқатар ауылдарда болып, тұрғындармен кездесті. Алдымен Әлия ауылына келген халық қалаулылары облыстық «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданға арнайы келгендегі мақсаттарын ортаға салды.— 2019 жыл еліміз үшін көптеген оқиғаларға толы жыл болды.

Құжат қабылдау жұмыстары пысықталды

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 12:02

Құжат қабылдау жұмыстары пысықталды
Жаңа жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап форматы өзгерген атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жөнінде түсінік беру және құжат қабылдау жұмыстары басталды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Бұлбұл Елеусінова Халықтың кеңседе орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында болып, түсіндіру және құжат қабылдау жұмыстарын көрді. Әдеттегідей бұл жерде адам қарасы көп болды.

Болашақ чемпиондар осында тәрбиеленеді

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:52

Болашақ чемпиондар осында тәрбиеленеді
Кірпішті поселкесіндегі шаңғы базасында мектеп оқушылары арасында шаңғыдан Ақтөбе қаласының ашық чемпионаты өтті. Оған қаладағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің тәрбиеленушілерімен қатар, Темір және Қобда аудандарының өкілдері де қатысты.Жас шаңғышылар өздерінің жас шамаларына қатысты әртүрлі қашықтықта бақ сынасты.— Біздің жарыс жолдарымыз арнайы сертификаттаудан өтті және республикалық сайыс өткізу талаптарына да толық сай деп айта аламыз. Қазақстан шаңғы спорты федерациясының өкілі Олег Коломеец арнайы келіп, осы істердің куәсі болды.

Сақтандыру жүйесі қалай жүріп жатыр?

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:52

Сақтандыру жүйесі қалай жүріп жатыр?
Елімізде қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, яғни МӘМС енгізілді. Облыста алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді. Алайда жаңа жүйе енгізілгеннен кейін тұрғындар арасында түсініспеушіліктер туындамай ма? Өңір жүйе бойынша жұмыс жасауға толық дайын ба? Осы сұрақтарды «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Гүлмира Қожаниязоваға қойдық. — Сақтандыру жүйесі қалай жүріп жатыр?— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда 1қаңтардан бастап енгізілді.

Жеңіске 75 жыл: арнайы бағдарлама, бір реттік төлем

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:52

Жеңіске 75 жыл: арнайы бағдарлама, бір реттік төлем
Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Жеңістің мерейтойлық жылын атап өту және оған дайындықты ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірманов бұл бағытта Орталық кеңеспен бірлескен шаралар жүзеге асырылып жатқанын, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар тарапынан мерейтойлық датаны жоғары деңгейде атап өту турасында арнайы бағдарламаның әзірленіп жатқанын айтты.

Қар үстіндегі футбол

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:42

Қар үстіндегі футбол
Облыстық олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мектебінде қар үстіндегі футболдан, сондай–ақ шағын футболдан Ақтөбе қаласы әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі турнирлер өткізілді.Жиырма сегізінші рет өткізіліп отырған бұл шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасында футболдың кеңінен таралуына ықпал ету.«Қысқы каникулдар» турнирлерінің ашылу салтанатына қала әкімі Мавр Абдуллин қатысып, сайысқа қатысушы командалардың мүшелеріне алғыс сезімін білдірді, жас футболшыларға шеберліктерін жетілдіріп, жетістіктерге жете беруіне тілегін айтты.— Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылға қарай еліміз тұрғындарының 30 пайызын жаппай спортпен қамту міндеті қойылды.

«Дәстүр» мектебі ашылды

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:42

«Дәстүр» мектебі ашылды
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және «Азат» оқу орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүр» мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараның ашылуында ҚХА облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Нұрхан Ағниязов, Аналар кеңесінің төрайымы Жұмабике Қалиева құттықтау сөз сөйледі.Аталған мектепте мәнерлеп оқу, қолөнер, шахмат, тоғызқұмалақ, домбыра, ағылшын курсынан үйірмелер жұмыс істейді.Шара барысында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін көрме қойылып, «Дәстүр» мектебінің музыкалық бағдарламасы ұсынылды.

Шипажай сауықтырады

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:42

Шипажай сауықтырады
Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасы мен Ақтөбе облысының арасында берік достық қарым-қатынас орнаған. Башқұрт бауырлармен арадағы ынтымақтастық әр салада жанданып келеді. Былтыр осы елдегі танымал «Красноусольск» шипажайының құрылғанына 95 жыл толып, ғылыми конференция өтті. Жалпы «Красноусольск» шипажайының іргетасы ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қаланған.

…Өсті!

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:42

…Өсті!
1 қаңтардан бастап бірқатар жаңа заң күшіне енді. Олардың қатарында Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы да бар. Осы құжатқа сай, еліміздің әлеуметтік саласында біраз өзгерістер болып жатыр. Айталық, зейнетақы мен жәрдемақы, шәкіртақы өсті.

Ел Президенті марапаттаған ақтөбелік ерікті

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:32

Ел Президенті марапаттаған ақтөбелік ерікті
«Волонтер жылы баршамызға, әсіресе жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан сіздерді осы игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырамын.Жастарымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрдайым дайын болуы керек. Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Қайырымдылық пен мейірімділік — қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар.

Қолдау көзі – қаржы

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:32

Қолдау көзі – қаржы
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалы жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктермен бірігіп, бір ай көлемінде түрлі шаралар өткізді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысатын екінші деңгейлі банктермен кездесуге облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері де келді.— «Даму» қоры арқылы жүзге асырылатын «Бизнестің жол картасы», нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, басқа да мемлекеттің қолдауы аясында жүзеге асырылатын бағдарламалар еліміздегі екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылады.

Грант ұтып, қаз сатып алды

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:32

Грант ұтып, қаз сатып алды
Бүгінгі күні ауданда құс шаруашылығы жақсы дамып келеді. Ойылдық Шолпан Дәукен «Атамекен» бағдарламасы аясында 505 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, қаз шаруашылығын дамытуды қолға алды.Жас болса да жаңа кәсіпті бастаған Шолпан алған грантына 80 қаз сатып алды. Оның ішінде 70-і тамбовский тұқымды қаз болса, қалған 10-ы — линда қазы.

Көмектің нәсібі — Ксенияның кәсібі

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:32

Көмектің нәсібі — Ксенияның кәсібі
Үкіметтен атаулы әлеуметтік көмек алып, оны тиімді жарату арқылы жаңа кәсібіне жан бітіргендер бар. Соның бірі — Қарғалы ауданыҚосестек ауылының тұрғыны Ксения Даниярова өзіне тағайындалған ақшаға тігін цехын ашып алды.Ол оған дейін де жатпай-тұрмай ақша жинаған. Бұрын қалада тігін цехында жұмыс істеп жүріп, тігіншіліктің ауылда сұранысқа ие екенін байқайды. Қазір ескі киімдерді қалпына келтіріп, түрлі кестелер жасап қызмет көрсетіп жатыр.

Дипломмен барды, баспана алды

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:22

Дипломмен барды, баспана алды
«Дипломмен — ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке 2020 жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.«Дипломмен — ауылға» бағдарламасы — жас мамандардың ауыл-елді мекендерге барып, қызмет етіп, тәжірибе жинақтауына, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен баспаналы болуына мүмкіндік беретін тиімді жоба.

Арал мен Орал арасы…

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:12

Арал мен Орал арасы…
Ұлттық кодтың өзегі ретінде тарихи сананы қайта жаңғырту тәуелсіздік жылдарындағы ең басты мақсат-мұраттарымыздың бірі болып келеді. Осы орайда тарихқа үлкен жауапкершілікпен қараған ата-бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен баға жетпес мұрасы — Ұлы даладағы алып кесенелер, мүлгіген тыныштық құшағындағы қорымдар, көне мешіттер, ежелгі ғибадатханалардың, керуен-сарайлардың, тұрақтар мен қыстақтардың орындары, мыңдаған құлпытастар сынды ескерткіштерді зерттеп-зерделеудің маңызы өте зор.

Жетпіс жасын қажылықта қарсы алған

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:42

Жетпіс жасын қажылықта қарсы алған
Ол жетпіске толған тойын аста-төк дастарқан жасап, қыруар қонақ шақырып, бүгінгі күні дәстүрге айналғандай салтанатпен атап өткен жоқ. Рас, осындай ниет те болған бастапқыда. Тіпті шақырылатын қонақтардың тізімі де жасала бастаған.Алайда отбасындағы ойласу барысында қажылыққа бару туралы ұсыныс та қозғалып қалды.

Байғазиннің балалары

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:42

Байғазиннің балалары
Алға балалар үйін 24 жыл басқарған Кенжеғазы Байғазин бүгінде ерекше балаларды сауықтыруға арналған «Күншуақ» лагерінің директоры. Бестамақ ауылынан бір-екі шақырым жердегі бұрынғы Алға балалар үйінің жазғы лагерінің орнындағы «Күншуаққа» барғанымызда, тынымсыз директор лагерьдің жатын корпустарын, қар басқан жазғы саябақты, асхана, емдік кабинеттерді, иппотерапия алаңын, көкөніс қоймасын, жылу қазандығын, атқорасын көрсетті.— Өткен ауысымда Шалқар мен Хромтау аудандарының 50 шақты баласы демалып кетті. Қазір Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданынан келген елу бала сауықтырылып жатыр.

Ерте танылған талантты қолбасшы

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:42

Ерте танылған талантты қолбасшы
Бабатай аталатын аядай ауылда дүниеге келіп, алыс армандарға қол созған, биік мақсаттарға жеткен Жансен Кереев кешегі кеңестік заманда ірі әскери округте штаб бастығы қызметін атқарды. Сондай-ақ, әскери округ бастығының бірінші орынбасары қызметі тізгінін ұстады. Қазақ баласының мұндай биік дәрежеге көтерілуі оңайшылыққа соқпайтын еді.

Тышқан — жыл басы

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:32

Тышқан — жыл басы
Доңыз жылын табысты аяқтап, жыл қайырудың басы саналатын Тышқанды қарсы алдық. Талай жылдың тауқыметін тартып, көп жылдың қызығын көрген біздің халық әр жылға тиісті баға беріп, соған сай келер жылды да алдын ала болжайды. Тұрғындардың мұндай сенімі кейде дөп түсіп отырады.Мүшелдік жыл санауымыз да Тышқан жылынан басталады.

Асылдар өлмес болсайшы…

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:32

Асылдар өлмес болсайшы…
Халқымыз ардақты адамы өмірден өткенде: «Асылдар өлмес болсайшы…» деп жырға қосып күрсінген, қайғырған. Ақтөбе жұртшылығы ардақтаған Нәкең — Намаз Ізімбергенұлы Ізімбергенов те сондай ажалға қимас азамат еді. Алланың ісіне не шара, арамыздан бақи дүниеге аттанғанына да қырық күн болып қалыпты.Қазақ «Құданы да құдай қосады» дейді.

Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:12

Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін ар­найы құрылған комиссия дайын­­дық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек.Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз.

Ақтөбеліктер генерал-лейтенант Жансен Кереевті еске алды

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 11:52

Ақтөбеліктер генерал-лейтенант Жансен Кереевті еске алды
Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен генерал-лейтенант Жансен Кереевтің 90 жылдығына орай еске алу шарасы өтті. Шараға генералдың інісі Амангелді Жұпаров келді. Сондай-ақ Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанттары қатысты.Артында өшпес із қалдырған азаматтың рухына тағзым еткен облыс әкімі Оңдасын Оразалин гүл шоғын қойды.

Жыл басынан бері 79 сәби өмірге келді

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 11:42

Жыл басынан бері 79 сәби өмірге келді
Жаңа жылмен бірге «жағаласып» дүние есігін ашқан бөбектер облыстағы халық санының артуына септігін тигізіп отырғанын әлі түсіне қоймағаны ақиқат. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген дерек бойынша, екі мыңыншы жылдықтың екінші онжылдығының алғашқы күнінде облыс бойынша 51 сәби дүниеге келген.

Облыс әкімі 100 жасқа толған әжейді құттықтады

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 11:42

Облыс әкімі 100 жасқа толған әжейді құттықтады
1 қаңтар күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин 100 жасқа толған ақтөбелік Алуа Ержанованы туған күнімен құттықтады. — Балаларыңыздың ортасында бақытты да баянды ғұмыр кешіп отырған сіздей аяулы жанды ең бақытты адам деп айтар едім,— деген облыс әкімі әжеге денсаулық тіледі, ықылас гүлін ұсынып, Ақтөбенің 150 жылдығына арналған мерекелік медальді тақты.

Депутаттар тұрғындармен кездесті

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 11:32

Депутаттар тұрғындармен кездесті
Ақтөбеге кезекті жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді. Олар ең алдымен қоғамдық қабылдау өткізді. Nur Otan партиясы облыстық филиалы ғимаратында өткен қабылдауды Парламент Мәжілісінің депутаттары, жоғарыда аталған партия фракциясының мүшелері Асылбек Смағұлов, Сергей Симонов, Глеб Щегельский, Құралай Қаракен жүргізді.

Рождество мерекесі

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 11:22

Рождество мерекесі
Бүгін әлемдегі барлық православ христиандар Рождество мерекесін атап өтеді.Қазақстанның православтары да бұл күнді ерекше сән-салтанатымен өткізеді.Қазақ қоғамының негізгі ұстанымының бірі — еліміздегі рақымшылыққа, жақсылыққа баулитын түрлі дін өкілдеріне, олардың ұлттық мәдениетіне құрметпен қарау.Рождество — Иисус Христостың туған күні.

Биылғы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау басталды

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 11:22

Биылғы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау басталды
Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде форматы өзгерген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау басталды. Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып, жұмыс барысын көріп, тұрғындармен сөйлесті. Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ. Мақаланың толық нұсқасын 07.01.2020 жылғы №1 «Ақтөбе» газетінен оқи аласыздар.

Ардагерлер ардақталды

Ақтөбе газеті, 07 января 2020 в 11:12

Ардагерлер ардақталды
Nur Otan партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов еліміздің, облысымыздың дамуына үлес қосқан бірқатар ақсақалдарды, партия ардагерлерін құттықтады. М.БЕКТҰРСЫН.Мақаланың толық нұсқасын 07.01.2020 жылғы №1 «Ақтөбе» газетінен оқи аласыздар.
Показано 30 новостей из 7 311