Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости сайта Ақтөбе газеті — страница 6

«Коммунизм жолы»—өз тұсының шындығы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 10:22

«Коммунизм жолы»—өз тұсының шындығы «Еуропаны коммунизм елесі кезіп жүр» деген данышпанның сөзі ақыры елес болып қалды. Бірақ соны елуінші жылдардың басында КСРО-ның билік басына келген Н.С.Хрущев алдағы жиырма жылда орнатамыз деп, әлемге жар салды. Сол-ақ екен, бұрын «Сталин туы», «Еңбек туы», «Стахановшы», «Октябрь туы», «Социализм жолы», тағы басқа атанып келген мерзімдік басылымдар «Коммунизм үшін», «Коммунизм туы», «Коммунизм таңы», «Коммунизм жолы» деп, аттың басын қиялдағы коммунизмге қарай бұрды.

Тіл мен тілек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 10:12

Тіл мен тілек «Қазақ тілі» қоғамының 30 жылдығы аумағында ұйымның Ақтөбе қалалық филиалы үлкен жиын өткізуді жоспарлап отыр. Осы шара қарсаңында біз филиалдың төрағасы Роман Рахиевті сұхбаттасуға шақырғанбыз. — Қоғамның құрылғанына отыз жыл деп жатырмыз. Осы кезеңде атқарылған жұмыстарға жалпы сипаттама бере кетсеңіз. — Бұл аз уақыт емес.

Кахабер Цхададзе: «Ақтөбе» мақтауға лайық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 10:02

Кахабер Цхададзе: «Ақтөбе» мақтауға лайық 89-минутта жеңіс голын соққан «Тобыл» бұрынғыша көш басында қалды. Ал сырт алаңда ұтылып қалған «Астана» алтын медальға апарар жолын әжептәуір қиындатып алды. Төртінші орынға сырғыған елордалық команданың орнына — үшінші орынға өз алаңында жеңіске жеткен «Ордабасы» қайтадан келді. Дегенмен шымкенттіктердің биылғы чемпионатты алғашқы үштік сапында аяқтайтындығына сенім аз.Бұл турды «Ақтөбе» Шымкент қаласында өткізді. Ірі есеппен ұтылды. Әйткенмен біздің жігіттеріміз босбелбеулік көрсетті деп өкпелей де алмаймыз.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы әзірленіп жатыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:52

«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы әзірленіп жатыр Қалалық Мәдениет үйінде Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында дәріс-концерт ұйымдастырылды. Шараға Алматы қаласынан келген Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтының бір топ ғалымдары қатысып, дәріс берді.— Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуды ұсынғанын білеміз.

Орталық базар оттан аман қалды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:52

Орталық базар оттан аман қалды Өткен сенбіде Ақтөбе қаласындағы орталық базарда және оған жақын орналасқан нысандарда ірі көлемді өртке азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығын тексеру шеңберінде барлық шұғыл қызметтердің қатысуымен арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Сыздықов, өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дамир Ермағамбетов қатысты.Алдын ала жасалған сценарий бойынша жылыту маусымына дайындық кезінде ет павильонының жұмысшылары сауда павильонының тоңазытқыш жабдықтары бөлмесінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізді.

Аманат арқалаған алыптар — Ақтөбеде

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:52

Аманат арқалаған алыптар — Ақтөбеде Ақтөбеде Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының V фестивалі өтіп жатыр. Сенбі күні Жекпе-жек сарайында өткен фестивальдің ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитетінің басқарма басшысы Қарлығаш Рамазанова, Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Еркеғали Қарбозов, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы Бейбіт Ыстыбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысты.

Кадрлар резерві қалай іріктеледі?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:42

Кадрлар резерві қалай іріктеледі? Биыл елімізде 1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне құжаттар қабылдау басталғаны белгілі. Осыған орай «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ қызметкерлерімен «Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу» тақырыбында семинар өтті.Шарада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мадина Сабирова ақпарат берді.— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадрлық резервін құру бойынша ұсынысын жасап, 27 тамызда №141 Жарлықпен бекіткен болатын.Бұл жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделіп отыр.Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар болған жағдайда, Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады.Жастар кадрлық резервіне кімдер қатыса алады?

Үш жолдама — үш үміт

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:42

Үш жолдама — үш үміт Ақтөбеліктер кеше еркін күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрислам Санаевты әуежайдан күтіп алды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жерлесіміз 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға қатысады.Әуежайда сұхбат берген спортшы жерлестерінен кешірім сұрап, Олимпиадаға барлық жағынан, тыңғылықты дайындалатынын айтты.— Өткен жылы күміс медалға ие болғасын, мен бұл жарыстан алтын аламын деп үміттенген болатынмын.

40 шахматшы жиналды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:32

40 шахматшы жиналды Халықаралық турнирӨнер орталығында жасөспірімдер арасында шахмат төрешісі Владимир Дворкевичті еске алуға арналған халықаралық командалық турнир басталды. Жыл сайын ФИДЕ аясында өтетін шахмат турнирі биыл Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.Турнир барысында 16 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар қыркүйектің 22-26 қыркүйек аралығында өзара әлемнің үздік құрамаларын анықтайды.

Музейдің түнгі сырлары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:22

Музейдің түнгі сырлары Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Art Street» жобасы аясында «Музейдің түнгі сырлары» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Жаңа ғимаратта алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға 800-ден астам адам келді. Түнгі музейді тамашалауға жиналғандар өлкеміздің тарихымен кеңінен танысып, түрлі деректерге куә болды.Шараның ашылуында музей директоры Мейрам Дүйсенғали сөз сөйлеп, «Музейдің түнгі сырлары» жобасы Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылғанын атап өтті.Бұдан соң «Аймақтың киелі жерлері» облыстық фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттады.Музейдің бірінші қабатында кәдесыйларды сатып алуға болатын жергілікті қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі ашылды.

Қазақтың тағы бір Бекзаты биіктен көрінді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:22

Қазақтың тағы бір Бекзаты  биіктен көрінді 7-21 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы әлем біріншілігінде 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.Соңғы уақытта АИБА-ның «өгей баласының» күнін кешіп жүргеніне қарамастан, қазақ боксшылары бұл әлем чемпионатын табыспен аяқтады.

Чернобыль ардагерлері көмек сұрайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:22

Чернобыль ардагерлері көмек сұрайды Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыстағы үкіметтік емес ұйымдар жәрмеңкесі басталды. Он күнге созылатын жәрмеңке барысында маңызды тақырыптар талқыланатын түрлі кездесулер өткізілмек. Онкүндіктің алғашқы шарасы бүгін шымылдығын ашты. ҮЕҰ қолдау Азаматтық орталығының қоғамдық қабылдауында «Ақтөбе облысының Чернобыль мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Сатов бастаған Чернобыль апатының ардагерлері түрлі мәселелерді талқылады.Биыл ХХ ғасырдағы ең қорқынышты оқиғалардың бірі саналатын Украинадағы Чернобыль зардабын залалсыздандыруға қатысқан қазақстандықтардың апат аймағынан шығарылғанына 33 жыл толды.Мамандардың айтуынша, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластаған апат салдары әлі толық жойылған жоқ… 1986-92 жылдары Чернобыльге Қазақстаннан 35 мыңнан астам адам жіберілген екен.— Ақтөбе облысында бұл қорқынышты апаттың зардабын залалсыздандыруға қатысқан 231 ардагеріміз бар.

Мәдениет пен әдебиеттің маңызы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:12

Мәдениет пен әдебиеттің маңызы Сұлушаш ХАКИМОВА, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауында көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтар көтеріліп, қоғамдағы өзекті мәселелер қамтылған.Президент әсіресе мәдениет саласын айрықша атап өтті. Бұл еліміздің мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлеріне де тың серпіліс берді.

Жастар жұмыссыз қалмайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:12

Жастар жұмыссыз қалмайды Серікболсын ТӨЛЕУОВ, жас кәсіпкерПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында шағын және орта бизнесті арттырып, кәсіптік білім беру керектігін айтты. Бұл қазіргі қоғам үшін өзекті проблемаға айналған кадр мәселесін реттейтіні анық. Әр мамандықтың басын бір шалмай, әркім өзі қалаған кәсіпті игеруге жол ашады. Әсіресе, ауыл жастары үшін кәсіптің көзі болып табылатын ауылшаруашылық саласының мамандары көбейсе, отандық өнімдерді өндіруде алға басарымыз анық. Өйткені Мемлекет басшысы ауылшаруашылық өнімдерін 4,5 есеге арттыруды айтса, ауылдың ажары бұдан әрі көркеймек.

Әлемдік стандартқа сай келетін өзгеріс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:12

Әлемдік стандартқа сай келетін өзгеріс Әділбек МҰҚАШЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасыПрезиденттің биылғы Жолдауында 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсау, 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажеттігі айтылды.

Банктегі борыш жүктемеңіз азайды ма?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:02

Банктегі борыш жүктемеңіз азайды ма? Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әлеуметтік жағдайларына байланысты біраз азаматтың банктегі қарызы сәл де болса азайды. Бейсенбіде Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде осы тақырыпта брифинг өтті. Брифинг барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аз қамтылған отбасыларына мониторинг жүргізу және әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Ақсұлу Жұбаназарова несиесін азайтуға жататындар тобын тізбелеп берді.

Нұрсұлтандық кардиологтар балаларды тексерді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:02

Нұрсұлтандық кардиологтар балаларды тексерді Ақтөбе медициналық орталығы балалар стационарында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық медициналық ғылыми орталықтан келген кардиологтар бір апта бойы науқас балаларды тексерді. Балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағанбетовтің айтуынша, Ұлттық орталық пен Ақтөбе медициналық орталығының арасында меморандум бар.

«Қайырымдылық керуенінде» бақ сынаңыз

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 сентября 2019 в 11:02

«Қайырымдылық керуенінде» бақ сынаңыз «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы биыл да өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова мен Ақтөбе облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Нұржамал Құлекенова мәлім етті.Байқауды биыл екінші жыл қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар» агенттігі мен «КТК» телеарнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені бірлесе ұйымдастырып отыр.Жобаның негізгі мақсаты — ізгілікті насихаттап, қайырымдылық идеяларын дәріптеу.— 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында еліміздің барлық өңірлерінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі.

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Кез келген мәселені жүйелі шешу керек 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 13:22

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Кез келген мәселені жүйелі шешу керек  Осы аптаның бейсенбісінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбеліктерді алаңдатқан бірқатар мәселелер бойынша жауапты мамандармен кездесті. Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллинмен бірге тұрғындар тарапынан көтерілген проблемалардың оңтайлы шешілу жолын қарастырды.Қалаға 50 қоқыс алаңы қажетОңдасын Оразалин журналистер мінген көлікке отырып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрауымен қаладағы проблемалық аймақтарға барды.

Ғибратты ғұмыр иесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 13:22

Ғибратты ғұмыр иесі Кеше Жастар сарайының «Мәңгілік ел» конференц-залында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталының ғылыми-педагогикалық қызметіне арналды.Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған облыс басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ бұрынғы шақырылымдардағы Парламент депутаттары, белгілі ғалымдар, әдебиет және өнер қайраткерлері, аталмыш оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы, белгілі кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және студент жастар қатысты.Жиынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков ашып, алғашқы құттықтау сөзді облыс әкімі Оңдасын Оразалинге берді.— Мен осы киелі шаңырақта білім алдым, Амангелді Айталының өзімнің ұстазым екенін әрқашан үлкен мақтанышпен айтамын.

Бағдар — әлеуметтік мәселелерді көбірек қамту

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 13:12

Бағдар — әлеуметтік мәселелерді көбірек қамту Бүгінгі күннің маңызды мәселелерін қараған облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Сонымен бірге бұл жиынға облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, департамент, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың мәслихат хатшылары шақырылды. Депутаттардың қарауына 2018 жылғы 10 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімге өзгерістер енгізу ұсынысы қаралды.

Нұрислам Санаев Олимпиада жолдамасын иеленді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 13:12

Нұрислам Санаев Олимпиада жолдамасын иеленді Еркін күрестен Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы күнінде құрама қоржыны үш жолдамамен толықты. Жерлесіміз Нұрислам Санаев жартылай финалға шығып, Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрислам алғашқы белдесуінде молдовалық Анатолий Буруянды уақытынан бұрын айқын басымдықпен ұтты.

Әдебиет туралы әңгіме

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 12:42

Әдебиет туралы әңгіме Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Әбіш Кекілбаев дәрісханасында жастар ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызымен кездесті. Ханбибі Есенқарақызы қоғам қайраткері Амангелді Айталының 80 жасқа толуына орай Ақтөбеге келіп жатқанын тілге тиек етіп, одан әрі әдебиет жайлы, елдікке қатысты әңгімелер айтты.

Шығармалар шындығы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 12:42

Шығармалар шындығы Кеше Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында көрнекті ақын, драматург, ҚР Халық жазушысы Мұхтар Шаханов жастармен кездесті. Ақынның шығармашылығына арналған «Жанартау жүректі ақын» атты әдеби-танымдық кеште оның рухты өлеңдері оқылып, халық жазушысы жастарға ұлағатты әңгімелерін айтып берді.Аталған шараға «Жалын» журналының қаржы басшысы Сәулекүл Ахметова мен халықаралық «Мұхтар Шаханов» оқуларының төрайымы Зәмзәгүл Әубәкір, белсенді жастар мен студенттер қатысты.Кешті жүргізген ақын, облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы Мұхтар Шахановтың өлеңдері әлемнің 120 тіліне аударылғанын, оның ақындық тұлғасын бүкіл әлем мойындағанын, ақынның елге танымал, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының 80 жасқа толу мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Ақтөбе жеріне арнайы келіп отырғандығын атап өтті.Бұдан кейін шарада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бір топ студенті ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Кездесуде сөз кезегі ақынға беріліп, ол жастарға осы күнге дейін жетістіктері мен мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде атқарған еңбектерін айтып берді.

Тозған табиғат жайы талқыланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 12:42

Тозған табиғат жайы талқыланды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде белгілі қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар кезінде «Ақтөбе облысының жерасты су көздері мен өзен-көлдерін пайдалану, қорғау және сақтау мәселелері, оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

Кәсіби  бағыт беру —  бүгінгі күннің өзекті мәселесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 12:32

Кәсіби  бағыт беру —  бүгінгі күннің өзекті мәселесі Нұрбек АМАНОВ,М.Құсайынов атындағы облыстық мектеп-интернаттың директорыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жолдаған алғашқы Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мейлінше мән берілген. Соның бірі — әлеуметтік саланы жетілдіру. Педагог ретінде Жолдауда білім саласына байланысты айтылған тұсқа ерекше тоқталғым келіп отыр.Президент Жолдаудың «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» аталатын төртінші бағытында білім беру саласына қатысты жаңашылдықтар мен жаңа бастамаларды жүзеге асыру турасында тың идеялар айтты.

«Мемлекеттік қызмет әрдайым дамып отыруы керек»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 12:32

«Мемлекеттік қызмет әрдайым дамып отыруы керек» Кеше Ақтөбе қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменовпен кездесу өтті. Бір топ мемлекеттік қызметкерлермен жүздесуде негізінен осы саланың жай-күйі әңгіме арқауына айналды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғимаратында ұйымдастырылған басқосуға жиналғандардың дені жас мамандар болды.— Енді мемлекеттік қызметтегі адамдарды ынталандыру жүйесін жетілдіру қажет.

Классикалық туындылар шырқалды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 12:22

Классикалық туындылар шырқалды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші Кенжеғали Мыржықбаевтың «Абай және Пушкин» атты шығармашылық кеші өтті. «Жұбановтар әлемі» мәдени орталығында өткен шараның басты мақсаты — Абай мен орыс халқының ұлы ақыны Пушкиннің мұраларын жұртшылыққа насихаттау, ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, халық арасында кеңінен таныту.Шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, сондай-ақ кештің қадірлі қонақтары — ақындар Мұхтар Шаханов пен Ханбибі Есенқарақызы, мемлекет қайраткері Амангелді Айталы, т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ» әндерін, сондай-ақ орыс композиторларының вокалдық шығармаларын жұртшылық жылы қабылдады.Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов Кенжеғали Мыржықбаевқа ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің атынан Алғыс хат пен ықылас гүлін тарту етті.Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Олжалы отыз жыл

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 сентября 2019 в 12:22

Олжалы отыз жыл Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өз топырағында өгейлік көрген қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақтарға балаларын туған тіліндегі балабақшалар мен мектептерге беруге мүмкіндік әперу мақсатында құрылған болатын. Биыл бұл ұйымның құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бейсенбі күні Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында осы мерейтойға арналған салтанатты жиын өтіп, отыз жылда қоғам жұмысына, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге белсене атсалысқан бір топ тіл жанашырларына марапаттар табысталды.Алдымен мінбеге халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев көтеріліп, қоғамның құрылуы, отыз жылдық тарихы, атқарылған істер және алға қойылып отырған мақсат-міндеттер туралы баяндама жасады.— Отыз жылда қыруар істер атқарылды.

Хоккейшілеріміз жаңа маусымды жеңіспен бастады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 13:22

Хоккейшілеріміз жаңа маусымды жеңіспен бастады Өткен сейсенбіде «Ақтөбе-Арена» мұз айдынында «Ақтөбе» хоккейшілері Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдады. Шайбалы хоккейден жоғарғы лига командалары арасында басталған ҚР чемпионатының ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.«Өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көптеген спорттық нысандар бой көтеріп, спорттың дамуына ерекше көңіл бөлінуде.
Показано 30 новостей из 6 814