Популярные темы

Новости сайта Ақтөбе газеті — страница 5

131 отбасының қоныстойы

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 14:02

131 отбасының қоныстойы
Өткен аптада Nur Otan партиясының еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға арналған «Құтты мекен» жобасының аясында Қандыағаш қаласында салынған көппәтерлі үйлердің құрылысы аяқталып, үй кезегінде тұрған 131 тұрғынға жаңа пәтердің кілті табысталды.Жаңа жылда жаңа пәтерге көшкендердің 23-і — жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 16-сы — көпбалалы аналар, 48-і — мүмкіндігі шектеулі жандар, асыраушысынан айырылған отбасылар мен жалғызбасты аналар.

Жыл көрсеткіштері және жаңа форматтар

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:54

Жыл көрсеткіштері және жаңа форматтар
Облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Атығай Арыстанов халық алдында есеп берді. Бұл шараға облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Довматенко, ішкі істер органдары ардагерлері, қала тұрғындары, барлығы 200-ден астам адам қатысты. Алдымен ведомство басшысы азаматтарды 2019 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары және құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өңірдегі қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Биыл Қарасай мен Жармаға ауызсу беріледі

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:54

Биыл Қарасай мен Жармаға ауызсу беріледі
Осы аптада аудан әкімі Аққанат Шахин Аманкөл, Қызылжар, Құмтоғай, Ырғыз, Нұра ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, өткен жылғы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер жөнінде есеп берді. Аталған кездесулерге облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарма басшысы Абдухат Мырзалин, аудандық бөлім басшылары, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты.Ауылдық округтерде өткен аудан әкімінің кезекті есеп беру кездесуінде Аққанат Шахин 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылғы жылға жоспарланған міндеттермен бөлісті.

Билетсіз тасымалдау қылмысқа соқтырады

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:32

Билетсіз тасымалдау қылмысқа соқтырады
Теміржолдың бойы қауырыт тірлік. Бұл жерде жазатайым оқиға, ұрлық-қарлық өзге де келеңсіз жайттар көп болады. Осы орайда Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясына қарасты Ақтөбе жол бөлімшесінде жиын өтті. Жиынға теміржол мекемелерінің өкілдері қатысты. Шарада көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сарықұл Жоланов теміржол аумағындағы мәселерді ортаға салды.

Ұлы тұлғаны тану

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:22

Ұлы тұлғаны тану
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Абайтану және ұлттық руханият» орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.Шараға зиялы қауым өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер қатысты.Дөңгелек үстелді жүргізген университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров Мемлекет басшысының жариялаған мақаласы туралы өз ой-пікірін ортаға салып, биыл ұлы ақынның мерейтойына орай оқу орнында үлкен іс-шаралар апталығы ұйымдастырылатынын, осыған орай бүгінгі күні жоспар жасалып жатқанын жеткізді.— Өткен жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай іс-шаралардың бастауы ретінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Жұбановтан — Абайға» атты экспедиция ұйымдастырылып, Ақтөбе — Нұр-Сұлтан —Павлодар — Семей — Жидебай — Баянауыл — Қарқаралы — Қарағанды бағытындағы киелі жерлерде болып қайтты.

Терминал орнатылады, мектеп жөнделеді

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:22

Терминал орнатылады, мектеп жөнделеді
Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің тұрғындармен есептік кездесуі жалғасып жатыр. Ауданның өткен жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы мен биылғы жылға межеленген міндеттері туралы есеп беру жиындары Бозой, Тоғыз, Кішіқұм, Шетырғыз ауылдық округтерінің орталықтарында өтті.Алдымен аталған округ әкімдері халық алдында есеп беріп, бұдан соң тұрғындардың сауалдарына құлақ түрілді.Бозойлықтар ауылдағы «Қазпошта» акционерлік қоғамы бөлімшесінің қызмет көрсету аясын кеңейту жөнінде ұсыныс айтты.

Оқырмандар әдеби байқауға қатыса алады

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:12

Оқырмандар әдеби байқауға қатыса алады
Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұжымы қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты республикалық әдеби онлайн-байқау ұйымдастырмақ. Мақсат — өскелең ұрпақтың бойында Абай шығармашылығына, сондай-ақ өлкеге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру, олардың туған тілі мен ұлтына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.Кітапхана қызметкері Марал Сандыбайдың айтуынша, байқауға 3-11 сынып аралығындағы мектеп, арнайы орта оқу орындарының оқушылары қатыса алады.

Абайды ұлықтау — ұлттың парызы

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:12

Абайды ұлықтау — ұлттың парызы
Баян БОРАШ,С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің профессоры,филология ғылымдарының докторыӨткен аптада Мемлекет басшысы Хакім Абайдың рухани мұрасын еліміздің ХХІ ғасырдағы алға ілгерілеу міндеттерімен орайластырған көлемді, кең тынысты, елді толғандыратын біраз мәселелерді қамтыған мақаласы жарық көрді.Университет оқытушысы ретінде мен бірінші кезекте Президенттің Абайдың білім мен ғылым мәселесі жөнінде айтқан ойларын қазіргі таңда елімізде осы саладағы кемшіліктерімен сабақтастырып, сын айтуын орынды деп ойлаймын.

Абайлаңыз, коронавирус!

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 12:52

Абайлаңыз, коронавирус!
Өткен жылдың желтоқсанынан бастап Қытайдың Ухань қаласында белгісіз этиологиядағы пневмонияның өршуі тіркелді. Мамандар қоздырғыштың коронавирустың жаңа түрі екенін анықтады. Ол теңіз өнімдері арқылы жұққан болуы мүмкін деген болжам жасалды. Қазіргі уақытта бұл вирус әлі толық зерттелмеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирус адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін айтады.

2 күнде 6 жүргізуші жаяу қалды

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 12:42

2 күнде 6 жүргізуші жаяу қалды
Ақтөбеде екі күн ішінде 6 жүргізуші 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалды. Олардың барлығы көлікті мас күйінде жүргізген.Мәселен, қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Сәңкібай батыр даңғылында «Leхus LX-570» автокөлігін тоқтатып, медициналық қорытынды нәтижесінде жүргізушінің ішімдік ішкені анықталып, автокөлік айып тұрағына қойылған.

Сақтандыру шаралары күшейтілді

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 12:32

Сақтандыру шаралары күшейтілді
Жыл сайын 18-20 қаңтар күндері православтар «Крещение Господне» мейрамын атап өтеді. Екі күнге созылатын мерекеде адамдар суға түседі. Христиандардың сенімі бойынша осы күні су атауы жаңарып, тазарады. Ақтөбе облысында бұл науқанға екі мың жарым адам қатысады екен. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жаппай шомылу орындарын анықтап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Қобдада мал ұрлағандар ұсталды

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 12:32

Қобдада мал ұрлағандар ұсталды
12 қаңтар күні Қобдада белгісіз тұлғалар мал қораның есігін бұзып, біреудің екі қойын қолды қылған. Облыстық ІІД баспасөз қызметі берген дерекке сүйенсек, күдіктілер сарай есігінің шегесін босатып, ішке кіріп, гиссар тұқымды екі қойды ұрлап кеткен. Шығын 80 000 теңге болды.Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде жергілікті екі тұрғын анықталып, ұсталды.

Жасөспірімдер 21 медальмен оралды

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 16:32

Жасөспірімдер 21 медальмен оралды
Қаңтардың 7-11 күндері Қостанай қаласында жүзу спортынан жасөспірімдер арасында «Қысқы демалыс-2020» ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа 2005 жылғы және одан кіші ер балалар, сондай-ақ 2007 жылы туған қыз балалар қатысты. Республика көлемін қамтыған турнирге еліміздің барлық қалаларынан 16 команда қатысып, жүлделер жиынтығын сарапқа салды.

Абайлаңыз, снюс!

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:52

Абайлаңыз, снюс!
Снюс — түтінсіз темекінің бір түрі. Оның құрамына темекі, ылғалдандырғыш ретінде су, дәмін күшейту үшін сода және консервант ретінде тұз немесе қант, жағымды дәм беру үшін ароматизаторлар қосылады (эфирлік майлар, жидектердің бөлшектері).Снюстің басты қауіптілігі — оның құрамында никотиннің мөлшері темекімен салыстырғанда бірнеше есе көп болуы (1 дана темекіде 1,5 мг болса, снюста 20 мг — 250 мг).Снюсті жасөспірімдер мен жастар жиі пайдаланады.

Облыс әкімі Nur Otan партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:52

Облыс әкімі Nur Otan партиясында қоғамдық қабылдау өткізді
Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин азаматтарды қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады.Ақтөбе қаласының тұрғыны, 2-топтағы мүгедек Майра Елмағамбетова тұрғын үй кезегінің жылжымайтынын айтып шағымданды.Үй кезегінде 2009 жылдан бастап тұрған ақтөбелік азаматқа баспана кезегі бойынша үй 2021 жылы берілетіндігі түсіндірілді.— «Әрине, мен үшін облыстағы баспанасыз жүрген әрбір азаматтың үйлі болғаны, әлеуметтік жағдайының дұрыс болғаны маңызды.

Жылыжайдың жемісін жейді

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:43

Жылыжайдың жемісін жейді
Қазір бау-бақша егіп, өнімін табыс көзіне айналдыру үшін жазды күтудің қажеті жоқ. Істің қыбын тауып, тәуекел еткен адамға қыстың өзі кедергі бола алмайды. Байғанин ауданының тұрғыны Факизат Елжанова өз үйінің ауласынан шағын жылыжай салып алды. Енді ол қыс бойы жылыжайдың жемісін көрмек.Аумағы 90 шаршы метрлік жылыжайда аскөк, көк жуа, қияр секілді бақша дақылдары өсетін болады.

Тегін дәрі-дәрмекті алмасаңыз, хабарласыңыз!

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:42

Тегін дәрі-дәрмекті алмасаңыз, хабарласыңыз!
Тегін дәрі-дәрмек алатын тұрғындар кейде дәрі берілмегенін айтып шағымданады. Бұндай жағдайда не істеу керек? Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін мекеме — «СК-Фармация» ЖШС. Өткен жылдың қараша айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы базасында «СҚ-Фармация» – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Қайталанбас ерліктің үлгісі

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:32

Қайталанбас ерліктің үлгісі
Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына — 95 жыл. Ал 14 қаңтар күні оның қаза тапқанына 76 жыл болды. Бұл күні қобдалықтар дәстүрден жаңылған жоқ. Әдеттегідей Әлиясын еске алды. Батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ пен Әлия ауылдарында орнатылған ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталған шарада ару қыздың аңызға айналған ерлігіне шырақ жағылды.

Мұқтаждарға қанша теңге беріледі?

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:32

Мұқтаждарға қанша теңге беріледі?
Атаулы әлеуметтік көмек былтырдан бері еліміздегі біраз адамды әбігерге салды. Бірі шынымен де тұрмыстары сол сәтте нашарлап, мұқтаждықтан осы қаражатты талғажау ете тұрайын десе, енді бірі табысын жасырып үлгеріп, үкіметтен оңай ақша алып отырамын деп ойлапты. Кейбір пысықайлардың қулығы әшкереленгесін билік басындағылар биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау талаптарын қатайтты. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін түсіндіру, құжаттарын қабылдау науқаны жүріп жатыр.

Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі туралы

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:32

Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 12 ақпанында сағат 11.00-де Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтеді.Облыс тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын арнаулы жәшіктерде қалдыра алады.

Маңызды мәселелер қозғалды

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:22

Маңызды мәселелер қозғалды
Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев Жаңақоныс, Есет Көтібарұлы, Айшуақ ауылдық округтерінде болып, ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен биылғы жылға арналған міндеттері туралы есеп берді.Алдымен аталған округ әкімдері тұрғындар алдында есеп берді. Бұдан соң халықтың сауалдарына құлақ түрілді.Жаңақоныс ауылының тұрғындары биылғы жылы Айшуақ ауылдық округінің орталығына дейін асфальт жол тартылатынына қуанып, сол күре жолдың тұсынан ауылға дейінгі аралықтағы екі шақырым жерге де асфальт төселсе, Мәдениет үйінің құрылысы аяқталса, мектепте ән-би үйірмесі ашылса, сондай-ақ ұялы байланыс қондырғысы орнатылса деген тілектерін жеткізді.

Жолдар жөнделеді, асфальт төселеді

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:22

Жолдар жөнделеді, асфальт төселеді
Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов бірқатар ауылдарда тұрғындармен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша есеп берді. Аудан әкімі алдымен Шығырлы ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп,Темір ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен 2020 жылғы міндеттерін баяндады.

Мектептің мұңы — көмірдің күлі

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:12

Мектептің мұңы — көмірдің күлі
Аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі биыл Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтің орталығы Қаратал селосында басталды. Алдымен тұрғындарға округ аумағында жыл ішінде атқарылған жұмыстарды ауыл әкімі Әділбек Ізбасов баяндады. Одан соң ауданның өткен жылғы тынысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Аслан Кенжебаев шолу жасады.Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев пен сынықшы Сүлеймен әулиенің ауылы Қараталдың қашанда қонағы көп.

Қылмыс пен жаза

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:02

Қылмыс пен жаза
Елімізде 11 қаңтардан бастап бірқатар заң күшіне енді. Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған болатын.

Жабылған ауылда жұрт бар ма?

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:02

Жабылған ауылда жұрт бар ма?
Кеңес Одағы тарағаннан кейін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында барлық ауылдардың күйі кетіп, қалаға көшу басталды. Тіпті аудан орталықтарында да үйлер бос қалып жатты. Мал санымен қоса адам саны да азайып, тіпті кейбір елді мекендерде бір-екі үй ғана қалды. Кезінде дүрілдеген Исатай ауданының орталығы Ақыраптың қалай құрдымға кеткені елдің есінде.

Ғасырдан асқан ғұмыр

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 10:52

Ғасырдан асқан ғұмыр
Сонау жалыны жаһанды шарпыған, күллі адамзатты зар жылатқан сұм соғыстың ызғары ұрпақ жадында мәңгілікке қалып қойды. Бүгінде облыстағы 35 соғыс ардагерінің жасы бойынша ең үлкені Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында тұрады. Ол — жасы 103-ке таяған Артем Алексеевич Проскурня. Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, қилы заманның куәсі болған Артем Проскурня Қандыағаш қаласында үлкен қызы Валентинаның қолында тұрады. Үш қызынан төрт немере, төрт шебере көрген ардагер ұрпағының жарқын болашағын көріп, осы күнге шүкіршілік етеді.— Мен шаруа отбасында дүниеге келдім.

Бөгетсайда 35 бала дүниеге келді

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 10:52

Бөгетсайда 35 бала дүниеге келді
Аудан әкімі Нағымжан Алдияров пен Бөгетсай ауылдық округінің әкімі Ұлан Жаналиннің халық алдындағы есебі болды. Бөгетсай ауылында өткен жиынға жергілікті тұрғындар қатысты. Жиналғандардың алдында қос әкім ауданның, ауылдың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттемелері бойынша есепті баяндамаларын жасады.Аудан орталығынан 55 шақырым қашықтықта орналасқан Бөгетсай ауылдық округінің құрамына Бөгетсай, Қарлау ауылдары кіреді.

Монша жағып, бақша баптаған

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 10:42

Монша жағып, бақша баптаған
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірмановтың айтуынша, қазір Хромтау өлкесінде екі соғыс ардагері тұрады. Олар — Василий Грецкий мен Василий Чернышев. Соғыстың бел ортасында болған майдангерлер қатарының жыл сайын азайып бара жатқаны өкінішті. Хромтау ауданының Көктау ауылдық округінде тұратын соғыс ардагері Василий Чернышев биыл 15 наурызда 93-ке толмақ.

Абайдың аналары

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 10:12

Абайдың аналары
Жидебайдағы Абай кесенесіне барған ел алдымен жолдан қиғаштау тұрған ақынның аналары Зере мен Ұлжанның басына барып бет сипағанды әдетке айналдырған…Күллі қазақ 175 жылдығын айрықша атап өтеміз деп жатқан жылдың әлқиссасын ақынды дүниеге әкелген анасы Ұлжан мен бауырына салып, әлдилеген Зере әжеден бастағанды жөн көрдік.Абай туралы алғаш классикалық ғылыми мақала жазған ғалым Құдайберген Жұбановтың мына бір пікіріне құлақ аспаса болмайды: «Бірі емшек сүтімен қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген ананың «әлди, әлди, ақ бөпем», атаның «сал-сал білегі», қойшының әні, қыздың сыңсуы, қаралы қатынның жоқтауынан бастап көркемдік сезімін шырбыдай шырмаған халық әдебиеті», — деген пікірі («Абай — қазақ әдебиетінің классигі» мақаласы) кеңірек сөз қозғауды қажет етеді.Абайдың өлең-жырға әуестігін шыңдаған — оның әжесі Зере.

Тайшым Орысұлы

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 10:02

Тайшым Орысұлы
Тайшым Орысұлы (1862-1945) — 1916 жылғы қазақ жастарын майданға қара жұмысқа жіберу туралы патша жарлығына қарсылық ретінде басталған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры. Ол Торғайдағы Кейкі батыр, Әбдіғаппарлардың ықпалымен 1916 жылдың көктемінен бастап Ырғыз уезі Қызылжар болысында 1300 үйдің басын қосып, көтеріліске басшылық еткен. Әуелі уезд бастықтарының сөзін сөйлеген жергілікті байлардың жылқысын сарбаздарының мініс көлігі үшін тартып алады.
Показано 30 новостей из 7 311