Популярные темы

Новости сайта Ақтөбе газеті — страница 4

Өнер айдынында сәулеленген жұмақ өлке

Ақтөбе газеті, 23 января 2020 в 11:22

Өнер айдынында сәулеленген жұмақ өлке
Қазақ қадым заманнан жаз –­­­ жайлау, қыс – қыстау, көктем – көктеу, күз – күзеу көшпелі тұрмысты кәсіп еткен. Көшіп-қону барысында бір жердің шөбі, суы, құнары, тыныс алатын ауасымен жаңақоныс-тұрақтың шөбі, суы, құнары, ауа райын салыстырып, тәжірибе жүзінде тиісті түрлі тұжырымдар мен болжамдар жасаған тумысынан ғалымдыққа біртабан бейім, көреген халық.

Адамзат мейірімге ғана мұқтаж

Ақтөбе газеті, 23 января 2020 в 11:22

Адамзат мейірімге ғана мұқтаж
«Ұлтымызда «Асар» деген әдемі дәстүр бар. Мұның мағынасы тереңде жатыр. Кез келген адамға көп болып, жұмыла көмектесу қай заманда да болған. Осы үрдісті тоқтатып алмай, қайта жандандыра түсуіміз керек. Бір-бірімізге қамқор болсақ, оның соңы тек қана жақсылыққа ұласады». ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ. «Ақтөбе қайырымды жандар» еріктілер тобының ұйымдастырған кештері басқаларға ұқсамайды, аталған клубтың басты ерекшелігі де осы.

Ақтөбеде атқыштар бригадасы қалай құрылды?

Ақтөбе газеті, 23 января 2020 в 11:22

Ақтөбеде атқыштар бригадасы қалай құрылды?
Ұлы Отан соғысы басталысымен елімізде жиырмадан астам атқыштар дивизиясы мен бригадасы құрылды. Олардың қатарында екі ұлттық атқыштар бригадасы болды. Соның бірі — Ақтөбеде құрылған 101-жеке ұлттық атқыштар бригадасы.Бригада туралы бұйрық1941 жылдың 27 қарашасы мен 1942 жылдың 1 мамыры аралығында Ақтөбе қаласында 101-жеке ұлттық атқыштар бригадасы құрылды.

Үш бөлмелі пәтер сыйлады

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 12:22

Үш бөлмелі пәтер сыйлады
Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде бірнеше отбасы жаңа жылды жаңа үйде қарсы алды. Өткен жылдың маусым айында құрылысы басталған 2 қабатты 16 пәтерлік коммуналдық тұрғын үй мереке ќарсаңында пайдалануға берілді. Жалпы құны 129 202, 0 теңге тұратын тұрѓын үйдің көлемі — 1032, 58 шаршы метр. Жаңа пәтерлердің төртеуі шағын отбасыларға арналған бір бөлмелі болса, он пәтер — екі бөлмелі және үш бөлмелі екі пәтер бар.

Президенттік кадр резерві: төрт тілде сөйлейтін ақтөбелік шетелдегі жұмыстан бас тартты

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 12:22

Президенттік кадр резерві: төрт тілде сөйлейтін ақтөбелік шетелдегі жұмыстан бас тартты
Президенттік кадр резервіне енген Ләззат Әділова шетелдегі жұмыстан бас тартып, Ақтөбеге оралды. Еліміздегі ең білімді 300 жастың қатарына қосылған маман болашақта мемлекеттік қызметкер болуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.Ләззат Әділова Президент бастамасы мұнай-газ саласында еңбек етіп жүрген жас мамандарға жарқын мақсаттарын іске асыруға жол ашты деп есептейді.— Президенттік жастар кадр резерві Мемлекет басшысының сайлауалды бастамасында міндет етіп қойылды.

«Ақтөбе Hub» өңірлік орталығы құрылады

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 12:22

«Ақтөбе Hub» өңірлік орталығы құрылады
Республика бойынша Ақтөбеде бірінші болып трансформация жобасы қолға алынды. Аталған жобаны «CSI» стратегиялық бастамалар орталығының қолдауымен «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүргізіп жатыр. «CSI» командасы екі күн бойы Ақтөбеде мемлекеттік мекеме өкілдері, кәсіпкерлер, дәрігерлер, ұстаздар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен стратегиялық сессия өткізді.

Қала әкімі М.Е.Абдуллиннің Ақтөбе қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 12:12

Қала әкімі М.Е.Абдуллиннің Ақтөбе қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ
Құрметті қала тұрғындары!2019 жылдың қорытындысы бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының барлық жұмыстары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевың 2018 жылғы 5 қазандағы және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі Жолдауларын, Мемлекеттік бағдарламаларды, жоғарғы органдарының қаулыларын, Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмаларын, облыс және қала мәслихаттарының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталып, өткізілген барлық шаралар қаланың 150 жылдық мерейтойына арналып өткізілген болатын.Ақтөбе қаласы — 150 жылдық тарихы бар, қарқынды дамып келе жатқан облыс орталығы, 2019 жылы халық саны 500,0 мың адамға жетті.Өткен жылғы есептік кездесулердің қорытындысы бойынша өзекті мәселелер іс-шаралар жоспарына 11 шара енгізіліп, оның 5-еуі шешілді, 6-уы шешілу сатысында.

Жолаушылар автобусы қар құрсауынан шығарылды

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:42

Жолаушылар автобусы қар құрсауынан шығарылды
Өткен жексенбіде Мәртөк ауданы орталығынан 50 шақырым қашықтықта ішінде 57 жолаушысы бар 603 AVA 08 мемлекеттік нөмірлі «Neoplan» маркалы автобус қар құрсауында қалды.Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бұл туралы ақпарат сол күні сағат 11.55 минутта түскен.— Жолаушы толы автобус Мәртөк ауданының Байнасай ауылдық округі маңында, яғни Мәртөк-Қобда тас жолы бойында қар құрсауында қалған.

Ақтөбеде абай туралы фильм әзірленіп жатыр

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:42

Ақтөбеде абай туралы фильм әзірленіп жатыр
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына байланысты жарық көрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шараға жоғары оқу орындарының оқытушыларымен қатар, мектеп мұғалімдері, абайтанушылар, мәдениет саласының мамандары шақырылды.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Пангереев:— Еліміздің рухани өмірінде үлкен серпіліс, өзгеріс болып жатыр.

Димаш джаз фестиваліне қатысады

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:42

Димаш джаз фестиваліне қатысады
Жерлесіміз Димаш Құдайберген 22-24 мамырда Жапонияның астанасында өтетін ХІХ Tokyo Jazz Festival-іне қатысады. 2002 жылдан бері Күншығыс еліндегі ірі музыкалық фестивальдерінің бірі саналатын бұл шараға джаз жанрында өнер көрсететін танымал әртістер қатысады.Музыкалық фестивальдің ұйымдастырушылары биыл мәдени шараға 90 мыңнан астам көрермен жиналатындығын айтып отыр.

Облыс мектептерінде бірыңғай адалдық сағаты өтті

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:32

Облыс мектептерінде бірыңғай адалдық сағаты өтті
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияда адалдық сағаты өтті. Мақсат — мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық, адалдық және әділдік қағидаларын насихаттау және нығайту.Адалдық сағатында аталған департамент басшысының бірінші орынбасары Ғ.Досанов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту штабының жетекшісі Ж.Мұхамбетпайызова оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың не екенін түсіндіріп, оған қарсы іс-қимыл — әрбір азаматтың міндеті екенін айтып, пара берудің қылмыс екенін егжей-тегжейлі әңгімеледі.Айта кетейік, Ақтөбе облысында 400-ден астам мектепте бірыңғай адалдық сағаттары өтті.

Бизнеске қатысты мораторий түсіндірілді

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:32

Бизнеске қатысты мораторий түсіндірілді
Осы жылдың ең маңызды өзгерістерінің бірі бизнес үшін көптеген тексерулердің жойылуы болды. Мораторийді кім пайдалана алады, жалпы оның жай-жапсары ақтөбелік кәсіпкерлерге «Атамекен» палатасының өңірлік филиалы ғимаратында түсіндірілді. Бұл — жоғарыда аталған мекеме мен Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бірлесіп өткізілген шара. Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Көктау-2 ауылы — ілікті жобалардың бірі

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:32

Көктау-2 ауылы — ілікті жобалардың бірі
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде талай қиындықты бастан кеше отырып, дамудың даңғыл жолына түсті. Елімізде тың бастамалар жүзеге асырылып, өрісті қадамдарға жол ашылды. Осы жылдар ішінде ел игілігі үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Соның бірі — «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы.

Балуандарымызға Италиядан жүлде бұйырды

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:32

Балуандарымызға Италиядан жүлде бұйырды
Италияда грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен Маттео Пелликоне рейтингтік турнирі аяқталды. Аталмыш жарыс Бүкіләлемдік күрес федерациясының күнтізбесіне енгізілген 2020 жылдың алғашқы бәсекесі.Балуандар өз рейтингтерінде ұпай санын арттыру үшін сайысқа түсті.Жарысқа еркін күрестен ақтөбелік Қазақстан құрамасының балуандары Нұрислам Санаев пен Юсуп Батырмырзаев қатысып, қос балуанымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Әр тұрғын өз ауласын күтіп ұстауы тиіс

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:23

Әр тұрғын өз ауласын күтіп ұстауы тиіс
Мәртөк ауданының Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Бостан Амантұрлиев Саржансай және Кеңсахара елді мекендері тұрғындарының алдында есеп берді.1815 тұрғыны бар қос ауылдың екі орта мектебі, екі балабақшасы бар. 2019 жылы округте 43 сәби дүниеге келген. Округте 9 ЖШС, 37 шаруа қожалығы, 52 шағын бизнес нысандары тіркелсе, суармалы шаруашылықтарда жүгері, мал азығы дақылдары, көкөніс өсірілуде.— Жұртшылықтан түскен ұсыныстарға талдау жасағанымызда екі балабақшада 60 орын жетіспейтіні белгілі болды.

Шұбарши ауылында 320 орындық мектеп салынады

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:23

Шұбарши ауылында 320 орындық мектеп салынады
Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов бірнеше ауылда тұрғындардың алдында есеп берді. Сондай кездесудің бірі жаңа құрылған Жақсымай ауылдық округінің тұрғындары алдында өтті. Жиында аудан, ауыл әкімдері өткен жылы атқарылған шаралар мен алға қойылған мақсаттар туралы баяндамаларын оқыды. Айталық, алдағы жылы ауылдық округтің орталығы — Шұбарқұдық ауылында көп жылдардан бері жөндеу көрмеген кәріз желілерін қалыпқа келтіру көзделіп отыр.Есеп беру кездесуі Ақсай ауылдық округінде жалғасты.

Жаңа заң: педагог мәртебесі — ел мерейі  

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:23

Жаңа заң: педагог мәртебесі — ел мерейі   
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында берілген тапсырма жүзеге асты. Өткен жылдың аяғында, 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Жалпы 21 баптан тұратын құжат еліміздегі жарты миллионнан астам педагогтің құқығын қорғап, абыройын арттыра түспек.

4353 адам суға түсті

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:23

4353 адам суға түсті
«Крещение Господне» православиялық мейрамы кезінде, яғни 18 қаңтарда сағат 21.00-ден 20 қаңтарда сағат 9.00-ге дейін аймақтағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының жеке құрамы күшейтілген негізде жұмыс жасады. Облыс бойынша 19 суға түсу орны ұйымдастырылды, оның 5-еу — Ақтөбе қаласында.

Автобустар тексерілді

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:23

Автобустар тексерілді
15-17 қаңтар аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Шара аясында жоспардан тыс және жоспарлы тексерулер, жолға шыққан кезде көлік құралдарының техникалық жарамдылығы, соның ішінде заңсыз қайта жабдықталған автобустар, техникалық жағдайы мен конструкциясы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилер тексерілді.Үш күн ішінде автобус жүргізушілері арасында 239-дан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Жас чемпиондар мектебі

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:02

Жас чемпиондар мектебі
Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2002 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі болып ашылды. 2018 жылдың қаңтар айында мектепке «мамандандырылған» мәртебесі берілген. Мектепте ұлттық спорт түрі бойынша тоғызқұмалақ, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша шахмат және дойбы секциялары жұмыс жасайды.Жыл сайын тамыз-қыркүйек айында тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы топтарына балаларды тегін оқытуға қабылдайды.Мектеп балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық дамуына бағытталған және тәрбие жұмысын жүзеге асыру, балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, балалардың моральдық, зеректік қасиеттерін тәрбиелеу мақсатын жүзеге асырады.

Ауызсу мәселесі шешіледі

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:02

Ауызсу мәселесі шешіледі
Әйтеке би ауданының әкімі Мәди Елеусізов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындысы бойынша ауылдық округтерді аралап, есеп беріп жүр.Ақкөл, Қызылжұлдыз, Үшқатты, Жамбыл ауылдық округтерін аралап, тұрғындармен кездесті.Ақкөл ауылында өткен жиынға облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Ермағамбетов қатысты.

360 адам флюоротексерістен өтті

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 11:02

360 адам флюоротексерістен өтті
Жылдағы дәстүр бойынша көктаулық тұрғындар алдында әкімдер есепті кездесуін өткізді. Аудан әкімі Нағымжан Алдияровтың есепті жиыны Көктау ауылында жалғасын тапты. Күн тәртібі бойынша, жергілікті тұрғындар алдында Көктау ауылдық округінің әкімі Бақытбек Усмаханов өткен жылы округ бойынша атқарылған жұмыстар және 2020 жылға қойылған міндеттемелер турасында баяндады.

Өмір өткелдері

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 10:42

Өмір өткелдері
Өзгерістер кезеңі1962 жылы елдің әкімшілік аумақтық құрылымында өзгерістер болды. Қазақстанда үш өлке құрылды. Ақтөбе, Орал, Гурьев, Маңғыстау облыстары бірігіп, Батыс Қазақстан өлкесі аталынды. Осы жылдарда аумақтарда кадрлардың ауыс-түйісі де көп болды. Мәселен, сол кезде Гурьев (қазіргі Атырау) облысының ішкі істер басқармасында жауапты қызмет атқарған Нығмет Серікбайұлы Ақтөбеге, өлкелік ішкі істер басқармасына ауысты.

Өнердегі өнегелі із

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 10:42

Өнердегі өнегелі із
Өткен сенбі күні Өнер орталығында қазақ өнерінің мәдени дамуына саналы ғұмырын арнаған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Есенгелді Дүйсенбаевты еске алуға арналған «Есімдесің, Есаға…» атты кеш өтті. Кеш шымылдығы Есенгелді Дүйсенбаевтың өмір жолынан сыр шертетін бейнематериалмен ашылды.Облыстық филармонияны жиырма жылға жуық басқарған азамат көптеген өнер ұжымдарының ашылуына мұрындық болды.

Басым бағыттар — төртеу

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 14:12

Басым бағыттар — төртеу
Жұма күні Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының ғимаратында Ақтөбедегі волонтерлер қозғалыстарының Ашық есік күні өтті. Шараға еріктілерден бөлек, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, медиаторлар, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылар сол арқылы волонтерлік қызметтің тұжырымдамасын таныстырып, бұл саладағы мақсат-міндеттерді түсіндіріп, жалпы пікір алмасуды көздегенін айтады.

2019 жыл қорытындысы:  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер сараланды

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 14:12

2019 жыл қорытындысы:  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер сараланды
Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өңірде 2019 жылы атқарылған жұмыстарды сараптауға арналған кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары және видеобайланыс арқылы қала, аудан әкімдері қатысты. Облыс басшысы алдымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің артқанын атап өтті.«Облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,7% құрап, өнеркәсіп — 105,9%, инвестиция — 107,5%, ауыл шаруашылығы — 103,7%, бөлшек және көтерме сауда 104,9%, құрылыс — 105,8%, тұрғын үйді пайдалануға беру 112,4% құрады», —деп атап өтті ол.Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Руслан Мамунов өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен 2020 жылға алға қойылған міндеттер туралы баяндады.

Енді Қандыағаш-Ақтөбе бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары басталады

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 14:02

Енді Қандыағаш-Ақтөбе бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары басталады
Осы аптада Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шерияздановтың есепті кездесуі Жұрын, Талдысай, Еңбек ауылдық округтерінде және Қандыағаш қаласында өтті. Аудан басшысы биыл Жұрын ауылын газдандыру бойынша жұмыстар жүргізу, Қ.Жұбанов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу, Желтоқсан және С.Бәтпенов көшелерін асфальттау сынды маңызы бар мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігін жеткізді. ⠀Жұрын ауылдық округінің әкімі Рамазан Үргенішбаевтың халық алдындағы есебінен соң ауыл тұрғындары Қ.Жұбанов атындағы орта мектептің жылу қазандықтарын ауыстыру, жайылымдық жерлердің тарлығы, қоқыс мəселесін шешу сынды сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.Ал Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазыбек Аққайыр өз есебінде әуелі өткен жылды қорытындылап, алға қойған мақсат-міндеттерге тоқталып өтті.Аудан әкімі А.Шериязданов Талдысайда 100 орындық мектепті салу жөнінде облыстық білім басқармасы мен министрлікпен жұмыстар жасалып жатқандығын жеткізді.

Жедел жәрдем көлігіне жол беріп, өзгеге өмір сыйла!

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 14:02

Жедел жәрдем көлігіне жол беріп, өзгеге өмір сыйла!
Кез келген жүргізуші, жедел жәрдем немесе арнайы қызметтік көліктердің дабыл сигналдарымен келе жатқанын көргенде, жол беруге міндетті. Дегенмен ережені ескере бермейтіндер де бар. Осы мәселеге назар аударған «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі облыстық полиция департаменті және денсаулық сақтау басқармасы өкілдерімен бірлесіп «Жол беріп — өмірді сақта» атты акция өткізді.

55 жолаушыға жағдай жасалды

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 14:02

55 жолаушыға жағдай жасалды
Қыс қаһарына енді мінгендей. Үскірік аяз бен боран, қатты жел жолдағы көлік жүргізушілерін әбігерге түсіріп тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қаңтарда «Қазгидромет» орталығынан ауа райының қолайсыздығына байланысты дабыл ескерту түскен. Содан кейін департаменттегілер шұғыл «ҚазАвтоЖол», «ҚазАвтоДор» мекемелерімен бірлесіп, облыс аумағынан өтетін 5 республикалық, 4 облыстық маңыздағы тас жолды жапқан.— Жол жабылған кезде ешқандай төтенше оқиғалар тіркелген жоқ.

Шетелдік көліктер тіркелуі тиіс

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 14:02

Шетелдік көліктер тіркелуі тиіс
Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қанат Әлиев шетелдік номермен жүрген көліктерді тіркеуге қатысты сұхбат берді. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары жүргізетін жеке есеп бойынша, облыста бүгінде шетелдік номермен жүрген, яғни еуразиялық экономикалық елдерінде тіркелген 16 345 мың көлік бар.
Показано 30 новостей из 7 311