Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости сайта Ақтөбе газеті — страница 3

9 медбике 250 мың теңгеден алды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 октября 2019 в 11:22

9 медбике 250 мың теңгеден алды Қазақстан кәсіподақтарының күнін дәрігерлер де ерекше атап өтті. «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мерекелік шара ұйымдастырды. Жиында филиал төрағасы Қайрат Сабыр жиналған дәрігерлерді мерекемен құттықтап, кәсіподақтың бір жыл бойы атқарған жұмысы туралы айтты. Қазіргі таңда филиалдың 23 мыңнан астам мүшесі бар.

«Жан серігім — домбыра»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 октября 2019 в 11:12

«Жан серігім — домбыра» Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда «Жан серігім — домбыра» атты дәстүрлі өнер байқауы өтті.Дәстүрлі әнші-жыршылар байқауы биыл Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы мен Ғазиза Жұбанованың туғанына 75 жыл толуына орайластырылып ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар қатарында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, облыстық әкімдік және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бар.Ашылу салтанатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев:— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру аясында өткізіліп отырған бұл байқаудың басты мақсаты — біздің өңірден шыққан Қызыл Тұрдалыұлы, Сары Батақұлы, Тәңірберген Молдабай, Нұрпейіс Байғанин, Шернияз Жарылғасұлы сынды даңқты өнер иелерінің шығармаларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ халқымыздың дәстүрлі өнерін жалғап жүрген талантты жандарға қолдау көрсету, — деп атап өтіп, қатысушыларға сәттіліктер тіледі.Ашылу салтанатында, сондай-ақ облыстық филармонияның «Достық сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.Байқау бұрын аймақтық деңгейде өтсе, биыл республикалық деңгейде ұйымдастырылды.

Ауыл тұрғындары қола дәуірінің қорымын тапты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 октября 2019 в 11:12

Ауыл тұрғындары қола дәуірінің қорымын тапты Қазан айының басында облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінен құралған археологиялық топ Ырғыз ауданындағы Шеңбертал I қорымында зерттеу жүргізді.Бұл жөнінде облыстық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.Аталған қорым Шеңбертал ауылының солтүстік жағынан ағып өтіп жатқан Ырғыз өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қорым өткен ғасырдың екінші жартысында А.

Үлгілі жолдағы іздер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 октября 2019 в 11:02

Үлгілі жолдағы іздер «… Өміріне кегі кеткен өлмеген,Жалған айып тағылғанда көлденең,Ақиқаттың аппақ туын бермеген».М.Мақатаев. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр… Туды, өсті, толды, өлді. Өлген жоқ, өлтірілді. Бар-жоғы 39 жас. Қырыққа жетпеген ғұмырында адам ретінде де, маман ретінде де, ғалым ретінде де қалыптасып, рухани толысып, халқына қалтқысыз қызмет етті.

Оқушылар Мұңалбекпен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 октября 2019 в 10:52

Оқушылар Мұңалбекпен кездесті Газетіміздің өткен сандарының бірінде Ақтөбе қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Мұңалбек Құлымбайдың қызметтен тыс уақытында Прохоров көшесі маңындағы көп қабатты үйден өрт шығып жатқанын байқап, біраз адамның өмірін сақтап қалғанын жазған едік.Осыған орай қалалық жастар ресурстық орталығы №24 орта мектептің мәжіліс залында кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында бейбіт күннің батыры Мұңалбек Құлымбай оқушыларға әуелі өрт шығып жатқанын байқағанда қалай әрекет ету керектігін, өзінің басынан өткен оқиғасын, салмағы ауыр қарияны бір өзі қалай арқалап алып шыққанын әңгімелеп берді.

Белсенді жастар марапатталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 октября 2019 в 10:52

Белсенді жастар марапатталды Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде Жастар жылына орай «Мен жастарға сенемін» атты мерекелік концерт өтті. Шарада қаламыздың мәдени шараларына үнемі үлес қосып жүрген белсенді 20 жас Алғыс хатпен марапатталды. Шараның ашылуында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова құттықтау сөз сөйлеп, жастарға толағай табыс, жалынды жігер тіледі.Биыл Елбасымыздың бастамасымен Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Қазіргі таңда қаламыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген жастарымыз жетерлік. «Ел болашағы — жастардың қолында» десек, оларды қолдау — қоғам міндеті.

Канадалық компания облыс жолдарын жөндеуге ниеттеніп отыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 13:22

Канадалық компания облыс жолдарын жөндеуге ниеттеніп отыр Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қобда ауданында болып, халық игілігі үшін жасалып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты.Атқарушы билік өкілдері алдымен «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» автомобиль жолының 307 шақырымында болып, жол құрылысы саласында инновацияларды енгізу мәселесі бойынша өткен жиынға қатысты.Негізгі мақсаты — жол құрылысы саласына инновацияларды енгізу мәселелері бойынша билік пен бизнес өкілдері арасында байланыс орнату болған жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Марат Махамбетов, «CanRos GRP Inc» компаниясының президенті Юрий Тарасов, «Cypher Environmental» өндіруші компаниясының бас инженері Джейми Гладенмен қатар, облыстың жол саласының, жол активтері сапасының ұлттық орталығының, қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының өкілдері қатысты.— Жол — республикамыздың күре тамыры. Өздеріңіз білетіндей, республика көлемінде құрылысқа, оның ішінде жол құрылысына ерекше мән беріліп, қомақты қаражат бөлініп отыр. Өңіраралық жолдарды дұрыстап, халықаралық деңгейдегі дәліздерді ашу арқылы экономикамызға ерекше қарқын беріледі.

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Бізге өңір тарихының жаңа қырларын көрсету қажет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 13:12

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Бізге өңір тарихының жаңа қырларын көрсету қажет Облыс әкімі Оңдасын Оразалин белгілі тарихшы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік саясат және экономика институтының бас сарапшысы Радик Темірғалиевті қабылдады.Облыс басшысы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдени-рухани бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен айтып өтті.— Ақтөбе өңірі өзінің сан ғасырлық бай тарихымен және ұлттық жәдігерлерімен көпшілікке танымал.

Ауыл әйелдері бас қосқан форум

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:42

Ауыл әйелдері бас қосқан форум Cейсенбі күні Nur Otan партиясы облыстық филиалының ғимаратында облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен облыстық ауыл әйелдерінің форумы өтті.Оған облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Майя Егімбаева, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы жасыл экономикаға өту кеңесінің мүшесі Салтанат Рахымбекова, сондай-ақ облыстың барлық аудандарынан әйелдер, қыз-келіншектер қатысты.Форумда облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов ауыл әйелдерінің қоғамдағы, отбасындағы рөлін, олардың әр салада қол жеткізіп жүрген жетістіктеріне тоқталып, жиналғандарға жүрекжарды лебізін білдірді.— Бүгінде облыстағы әйелдер қауымы өте белсенді. Әсіресе, бизнес саласында абыройлы, нәтижелі еңбек етіп жүрген әйелдер, қыз-келіншектер көп.

Бүгін — кәсіподақтар күні

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:42

Бүгін — кәсіподақтар күні Облыс Кәсіподақтар орталығы мен облыстық кәсіподақтар Қазақстан Кәсіподақтар күнін атап өтуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуде.Іс-шаралар аясында конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, спорттық-бұқаралық іс-шаралар, слеттер, конкурстар, еңбек ұжымдарымен және жастармен кездесулер, қайырымдылық акциялар және салтатанатты шара ұйымдастырылады.Кәсіподақ қатарында білімдерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, кәсіподақ қолдау көрсетіп жүрген жас қазақстандықтар саны көбеюде.Сондықтан 3 қазанда ҚР Кәсіподақтар күнін мерекелеу және Жастар жылы қарсаңында жас жұмысшылар арасында алғаш рет «Викторина сайысы» (Quiz, please) өткізілді.ҚР Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлкен көңіл бөледі.

Ұшқыш мамандарын әзірлеу мәселесі талқыланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:42

Ұшқыш мамандарын әзірлеу мәселесі талқыланды Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қарбенов облыс басшысына Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының бұрынғы басшысы Әлім Ибраевтың басқа қызметке ауысуына байланысты жаңа тағайындалған генерал-майор Дәурен Қосановты таныстырды.

12 мың іс сотсыз шешілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:32

12 мың іс сотсыз шешілді Бүгінде облыстың барлық мектептерінде медиация кабинеттері ашылып жатыр.Бірақ ол қандай дәрежеде жұмыс жасауы керек? Мектеп медиациясының маңызды мәселелерді шешуге ықпалы бар ма? Дау-жанжалды сотқа жеткізбей қос тараптың арасындағы араздықты ата-баба жолымен бітістіретін медиаторлардың көмегі қандай болып жатыр?

Өте орынды және қажет мәселе

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:32

Өте орынды және қажет мәселе Жақында «Ақтөбе» газетінен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиевтің «Ақтөбе-Нұр-Сұлтан пойызы қашан шығады?» деген ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауалын оқыдық.Бұл — бәрімізді алаңдатып отырған мәселе. Өйткені қазіргі уақытта Ақтөбеден Нұр-Сұлтан қаласына қатынауға, барып-қайтуға жолаушылардың саны бұрынғыдан да көбейе түсті.

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:32

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді Жақында «Рахат» мейрамханасында білім саласының бір топ ардагеріне құрмет көрсетілді. Жиынға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева қатысты. Мерекелік шараның өтуіне қалалық білім бөлімі мен Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақтар ұйымы ұйытқы болды.Мерекелік басқосуда қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, аталған кәсіподақ ұйымының төрайымы Лида Оралбаева ардагер ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, ыстық ықылас, жылы лебіздерін білдірді.

Жәрдемақы қалай төленеді?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:22

Жәрдемақы қалай төленеді? Елімізде көпбалалы отбасылардың табыс мөлшеріне қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беру жобасы жасалып жатыр. Егер заң жобасы депутаттар тарапынан мақұлданса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы анаға жаңа жоба бойынша жәрдемақы төленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында мәлім етті.

Бес баласы бар келіншек баспаналы болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:22

Бес баласы бар келіншек баспаналы болды «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер алып, қуанышқа бөленіп жатқан ақтөбеліктер көп. Солардың бірі — 32 жастағы көпбалалы ана Аққалқа Сәлімқызы. Жалдамалы пәтерде бес баласымен үш жыл жүрген Аққалқа екі бөлмелі жаңа үйіне көшкен кезде қуаныштан көзіне жас алғанын айтады. Ол осыдан үш жыл бұрын Әйтеке би ауданы Комсомол ауылынан көшіп келіпті.— Күйеуіммен ажырасып кеттім.

Нарқыз Испаниядан бас жүлдемен оралды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:22

Нарқыз Испаниядан бас жүлдемен оралды Ақтөбелік жас әнші Нарқыз Жанұзақова Испания мемлекетінде өткен «Tu Onda» халықаралық байқау-фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Аталған өнер бәйгесіне оннан астам елден жүзге жуық өнерпаз қатысқан. Малага қаласында ұйымдастырылған байқаудың өзі 3 аталым — вокал, би, музыкалық аспаптарда ойнау бойынша өткізілген.

Үйіңіз жылы ма?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 12:02

Үйіңіз жылы ма? Биыл қыркүйек айының соңы бірнеше күнге жалғасқан қара суыққа ұласқасын, тұрғындардың жылыту уақытын асыға күткені рас. Ақтөбеде жылдағыдай жылыту маусымы 1 қазанда басталды. Бүгінгі күні облыс орталығындағы 1470 көппәтерлі тұрғын үйдің 80 пайыздан астамы жылуға қосылған.ПИК жетекшілері қырсығып отыр…Жылыту маусымы басталса, қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарынан шу шығатыны үйреншікті жағдайға айналды.

Ауылға барды, баспана алды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:32

Ауылға барды, баспана алды «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын.ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.Бүгінгі күні облыста «Дипломмен — ауылға» бағдарламасымен елді мекендерге барып, білім беру, медицина, спорт саласында абыройлы еңбек етіп жүрген жастар көп.

«Көне ғұндардың салт-дәстүрлерін біздің заманға қазақтар жеткізді»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:22

«Көне ғұндардың салт-дәстүрлерін біздің заманға қазақтар жеткізді» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді», — деп жазған еді. Бұл сөздің, әсіресе, ежелгі ғұндар тарихына қатысты екені бүгінде көзі ашық әр адамға аян. Ғұндар тарихын зерттеу ісімен 40 жылға жуық уақыт бойы айналысып келе жатқан ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Мадрид университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Өтениязовпен жуырда Ақтөбеге келген сапарында сұхбаттасудың сәті түскен еді:— Самат Көшенұлы, біз оқып жүрген орыс тіліндегі еңбектерде хун да, гун да бар.

Педагогтер мүддесін қорғайтын ұйым

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:22

Педагогтер мүддесін қорғайтын ұйым Облыстағы ірі кәсіподақ ұйымдарының бірі — Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласының білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы. 13 мыңға жуық мүшесі бар қоғамдық бірлестік жұмысшы мүддесін, педагогтер мүддесін қорғауда үлкен іс тындырып жатыр. Бір ғана мысал, 2016 жылдан бастап бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенде балабақшалардағы тәрбиешілердің көмекшілеріне бұрынғы еңбекақыларынан тым төмен жалақы есептелінген.

Рабиға СЫЗДЫҚ: Әуезов өлең оқығанда, Абайдың өзі оқып тұрғандай болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:22

Рабиға СЫЗДЫҚ: Әуезов өлең оқығанда, Абайдың өзі оқып тұрғандай болды Қазақ тіл біліміне ұшан-теңіз еңбек сіңірген көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ақтөбе өңірінде туып-өскен жерлес апамыз Рабиға Сыздық биыл мерейлі 95 жасқа толды, І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. «Бұған дейін де қаншама сый-сияпатқа, талай марапатқа ие болдым, мына жасымда анау-мынауға елпілдеп, елең ете қоюым да қиын, дегенмен еңбегінің еленгені кім-кімге де қуаныш, кім-кімге де зор мәртебе екені рас!», — дейді мерейтой иесі. Ғылым дүниесінде есімі зор құрметпен аталатын осы бір абыройлы алып тұлғаның ғасырға жуық жасап келе жатқан ғұмырында көргені де, көкейге түйгені де көп екеніне дау жоқ. Қазақтың көркем әдеби тілін, оның ішінде Абай тілін зерттеуде тындырған ісі бір төбе.

«Ақтөбе» тәуелсіздікті айта келді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:12

«Ақтөбе» тәуелсіздікті айта келді Ширек ғасырға жуық «Коммунизм жолы» аталған газеттің аты өзгеріп,1990 жылғы 6 қазанда оқырманның қолына «Ақтөбе» болып тиді. Газеттің осы күнгі қалың оқырманға арналған беташар сөзінде айтылғандай, басылымды жаңа атаумен шығару,ең әуелі, осыгазет оқырмандарының ұсыныстары, пікірлері мен тілектеріне орай ұйғарылды.Соның өзінде бірден болмай, бұл мәселе газеттің беттерінде жарты жылдан астам уақыт талқыланды.

Мүгедек балалар неге көп?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:12

Мүгедек балалар неге көп? Газетіміздің өткен сандарының бірінде мүмкіндігі шектеулі екі баласын бағып отырған әке туралы жазғанбыз. Нағыз асыр салып ойнайтын шағында сал боп жерде домалап жатқан балаларды көргенде ол жерде көп тұра алмадық, біразға дейін жүрегіміз ауырды. Мүгедек бала — бір отбасының ғана емес, қоғамның мәселесі. Әсіресе, туа біткен генетикалық кемістікті емдеу қиынға соғады екен.

Асыл аға Асылбек

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:02

Асыл аға Асылбек Елге еңбегі сіңген азаматтарымыздың іздеусіз қалмайтыны анық. Өйткені кім-кімнің де артында қалдырған жақсы істері менмұндалап, кейінгілерге шарапатын тигізіп, жақсылықтың жаршысындай әсер етіп отырады.Сондай ізгілігі мол жандардың бірі — медицина ғылымдарының докторы, профессор Асылбек Төлеуов еді.

Цифрлық телехабар тарату желісіне көшу — уақыт талабы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:02

Цифрлық телехабар тарату желісіне көшу — уақыт талабы 2019 жылдың жазында Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарында аналогтық телехабар тарату желісі орнына енді төрт миллионнан астам адам цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінен арналарды жоғары сапада тамашалай алады. Барлығы аумақтарда 178 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, жетілдірілді. «Аналогтан» «цифрға» көшу — заманауи Қазақстанның ауқымды, ерекше жобаларының бірі. Үрдіс қалай жүріп жатыр, қандай қиыншылықтар бар, осы және басқа да сұрақтарға «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары-техникалық директор Фархат Алпысбайұлы ШОРАБАЙ жауап береді. — Фархат Алпысбайұлы, бүкіл Қазақстан аумағында цифрлық хабар тарату желісі жұмыс істеу үшін барлығы қанша радиотелевизиялық станцияны тұрғызып, жетілдіру қажет? — Бүкіл Қазақстан аумағы бойынша аналогтық телехабар тарату желісін толық өшіру үшін 827 радиотелевизиялық станцияны тұрғызып, модернизациядан өткізу қажет, бүгінде олардың 447-сі іске қосылған.

Еңбек қауіпсіздігін сақтап жүрміз бе?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 10:52

Еңбек қауіпсіздігін сақтап жүрміз бе? Биыл — Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы. Атаулы жыл аясында өткен аптада Ақтөбе қаласында «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ақмади Сарбасовтың төрағалығымен өткен семинарға Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан мемлекеттік еңбек инспекторлары, ірі және орта компаниялардың өкілдері, еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдері қатысты.

Ахтанов театры: қос труппа жаңа маусымда көрермендерді немен қуантпақ?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 10:42

Ахтанов театры: қос труппа жаңа маусымда көрермендерді немен қуантпақ? Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры жаңа маусымын тың жаңалықтармен бастады. М.Әуезовтің «Ерназар-Бекет» драма-дастанының премьерасынан бөлек, қазақ труппасы тұңғыш рет гастрольдік сапармен Алматы қаласына аттанғалы отыр. Осы күзде өнер ұжымы бақ пен бабын сынайтын фестивальдер де көп болғалы тұр… Көптен күткен премьералар… — Биыл қазақ труппасы өзінің 29-шы маусымын, ал орыстілді ұжым 55-інші маусымын ашты.

Мерейтой «Аяулы мекенім» концертімен басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 10:32

Мерейтой «Аяулы мекенім» концертімен басталды Өткен сенбі күні «Өнер орталығы» ғимаратында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның кезекті маусымының ашылуы болды. 75-ші маусымда бірінші боп өнер көрсеткен — А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі. Олардың шашбауын көтеріп, концертте арнайы қонақ болғандардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы сияқты орталық қалалардан келген мәдениет саласының майталмандары бар. «Аяулы мекенім» деп аталған маусымашар концертте бастан-аяқ А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі көрермендерге өнерін паш етті. Өнер ұжымының көркемдік жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов, ал бас дирижері — ҚР Мәдениет саласының үздігі Мәдина Қабижанова.

Крутойдың әні ұлттық аспаптар тілінде «сөйледі»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 10:22

Крутойдың әні ұлттық аспаптар тілінде «сөйледі» Өнер орталығының концерт залында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75-ші маусымының ашылуына орай «Достық сазы» фольклорлық ансамблі «Мәңгілік елдің мұрасы» атты маусымашар концертін өткізді.Ансамбльдің маусымашар концертінде орындалған әрбір шығарма көрермен тарапынан зор қошеметке ие болды. Әсіресе, Димаштың репертуарындағы композитор И.Крутойдың «Любовь уставших лебедей» шығармасы ұлттық аспаптардың үніменен шоқтығы биіктей түскеніне қалың ел куә болды. Қазанғаптың «Әлиманың боз жорғасы», Е.Тоқсабановтың «Сыр толғауы» күйлері де тыңдармандар жүрегінен орын алды.Кеш қонағы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Өмірқұл Айниязов «Бұлбұлымды» орындап, елдің ерекше ықыласына бөленді.Сондай-ақ концертте филармонияның дәстүрлі әншілері Д.Шынарбаева,Н.Әбдібеков,Г.Сағынғанова, сондай-ақ А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің «Жастар» би ансамблі өз өнерлерін көрсетті.
Показано 30 новостей из 6 853