Популярные темы

Новости сайта Ақтөбе газеті — страница 10

Фермерлер қолдау күтеді

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:22

Фермерлер қолдау күтеді
Бейсенбі күні Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының фермерлері — «Ақтөбе фермерлер орталығы» қоғамдық қозғалысының мүшелері өздерін мазалаған проблемалар жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновпен кездесу барысында ортаға салды.«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы конференц-залында өткен басқосуда жиналғандар жуық арада рақымшылық қабылдануы қажеттігіне және агроөнеркәсіп кешенін басқарудың қолдай режиміне көшіру туралы мәселеге назар аударды.Осы айтылған жайлар республикалық деңгейдегі тиісті басшылықтарға да ұсынылмақшы.Фермерлердің жанайқайын тыңдауға облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин мен «Ақтөбе» ӘКК» басқармасы төрағасы Ермек Имантаев та келді.— Біздің облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ешқандай талабымыз жоқ.

«Мансап» түлектерінің дені — мемлекеттік қызметшілер

Ақтөбе газеті, 24 декабря 2019 в 10:12

«Мансап» түлектерінің дені — мемлекеттік қызметшілер
Ақтөбеде үш жыл бұрын ашылған «Мансап» студенттік мемлекеттік қызмет мектебі осы уақытқа дейін 70-ке жуық маман даярлаған, қазір олардың 80 пайызы — мемлекеттік қызметшілер. «Мансап» түлектері тек оқығандығы туралы сертификаттарды алып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік қызметшіге тән жауапкершілік, тез шешім қабылдау, күйзеліске төзімді болу дағдыларын, сондай-ақ құжаттармен дұрыс жұмыс істеуді үйренеді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Ұлттық кеңес қоғамның сенімін ақтай алатынын дәлелдеді

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 03:32

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Ұлттық кеңес қоғамның сенімін ақтай алатынын дәлелдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп ауқымды жұмыс атқарғанын, қызу талқыланып, пікірталас туғызған көптеген ұсыныстар мен бастамалардың ескерілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Кеңестің басты мақсаты еліміздегі экономикалық және саяси мәселелер бойынша жүйелі, ұзақ мерзімді, тиімді шаралар әзірлеу екенін айтты.— Бұл демократияны нығайтуға және қоғамның билікке деген сенімін арттыруға үлкен серпін беретін жұмыс деп санаймын.

Он команда қатысып жатыр

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 03:12

Он команда қатысып жатыр
Ақтөбе қаласында ерлер арасындағы жоғарғы лигада волейболдан ҚР XXVIII чемпионатының екінші кезеңі басталды.Қаламыздағы «Жастар-Арена» спорт клубында өтіп жатқан чемпионаттың екінші кезеңінің алғашқы ойынына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, «Ақтөбе» командасы мен қостанайлық «Динамо» командасы арасындағы кездесуді тамашалады.Чемпионатқа Түркістан облысы, Алматы, Орал, Көкшетау, Астана және Ақтөбе қалаларынан 10 команда қатысуда.

Жастар мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 03:12

Жастар мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс
Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес мүшелері, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының басшылары, жастар ұйымдары мен еріктілер топтарының өкілдері қатысқан жиында өңірдегі жастардың жұмыспен қамтылуы, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері қаралып, Жастар жылы қорытындыланды.«Қазіргі жастар — Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен алғашқы ұрпақ, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер кезінде есейген жас буын.

Қызыққа толы «Музей түні»

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 03:12

Қызыққа толы «Музей түні»
Кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» республикалық акциясы аясында «Музейдің түнгі сырлары» атты Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.Облыс тұрғындарына, қала қонақтарына өңірдің тарихын кеңінен насихаттау, музейге келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген шара кешкі сағат 19.30-да басталды.Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған топ музейдің арнайы жабдықталған залдарын аралап, қолөнершілер ұйымдастырған көрмелерді тамашалады.

Ақтөбеде денсаулық сақтау жүйесі кәсіподақ ұйымдарының I республикалық форумы өтті

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 03:12

Ақтөбеде денсаулық сақтау жүйесі кәсіподақ ұйымдарының I республикалық форумы өтті
Форумға еліміздің әр аймағынан 1200 делегат келді. Өнер орталығында өткен жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құралай Қарекен, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботакөз Жақселекова, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Дүйсенов қатысты.Форум басталмас бұрын фойеде фармацевтикалық өнімдер мен медициналық бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды.

Облыстың  стратегиялық даму жоспары талқыланды

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 03:02

Облыстың  стратегиялық даму жоспары талқыланды
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин экономист, мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновпен кездесті. Ақтөбе облысының стратегиялық даму жоспарын талқылауға арналған басқосуға облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, басқарма басшылары қатысты.«Еліміздегі экономикалық даму процестеріне қарай отырып, біз облыстағы өзекті мәселелерге де талдау жүргіздік.

«Телефондарыңыз үнемі қосулы болсын»

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 03:02

«Телефондарыңыз үнемі қосулы болсын»
Облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында облыстың мемлекеттік органдарындағы атқарушылық тәртіп мәселесі қаралды. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы менаудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты, — деп хабарлайдыоблыс әкімінің баспасөз қызметіОблыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауовтың айтуынша, осы жылғы 1-18 желтоқсан аралығында облыс әкімі тарапынан 133, орталық мемлекеттік органдардан 372 тапсырма берілген.

 «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:52

 «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды
Сәрсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалығымен Мемлекет басшының Қазақстан халқына Жолдауы мен «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын өңір тұрғындарына түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша кездесу өтті. Сондай-ақ мемлекеттік саясатты түсіндіруге белсенді түрде атсалысқан облыстық ақпараттық топ өкілдері марапатталды.

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:52

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды
«Ақтөбе» футбол клубындағы бапкерлік құрамның жаңаруына байланысты баспасөз конференциясы өтті. Жиынға облыстық спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров пен облыс әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Қайрат Бекенов қатысып, клубтың бас бапкерлік қызметіне сербиялық Горан Вельковичтің, сонымен қатар жаңа менеджер ретінде Артур Смағұловтың тағайындалғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасады.— Сербиялық маманға қойылатын талаптар белгілі.

Аудан орталығына Темірбек Жүргенов есімін беруге ұсыныс жасалды  

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:42

Аудан орталығына Темірбек Жүргенов есімін  беруге ұсыныс жасалды   
Әйтеке би ауданының орталығы — Комсомол селосын енді Темірбек Жүргеновтің есімімен атау жөнінде ұсыныс жасалды. Село тұрғындарының жалпы жиналысында бұл ұсынысқа көпшілік қолдау көрсетті.Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Нажмеденовтің айтуынша, жиналысқа қатысқан 316 адамның 289-ы Комсомол атауын өзгертіп, Темірбек Жүргеновтің атына беру жөніндегі ұсынысты жақтап дауыс берген.Бұл жөнінде бейсенбіде онлайн режимінде өткен облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы отырысында белгілі болды.

Жаңажылдық безендіру үшін бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:42

Жаңажылдық безендіру үшін бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды
Бұл туралы Ақтөбе қалалық әкімдігінде мәлімдеді.Қаланы жаңажылдық безендіру шаралары 17 желтоқсанда басталып кетті.Дәстүр бойынша биіктігі 30 метр болатын қаладағы ең үлкен шырша облыс әкімдігіне қарсы Абай даңғылында орнатылуда. Бас шырша 300 жанатын және 250 әшекей ойыншықтармен безендірілетін болады.

Бизнестегі бикештер

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:42

Бизнестегі бикештер
Бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов өңірдің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар іскер әйелдермен кездесті. Мереке қарсаңындағы кездесу барысында жыл бойы бизнестегі бикештердің ықпалымен атқарылған шаруалар жайы айтылып, оларға Алғыс хаттар мен гүл шоқтары ұсынылды.— Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығы өңірдегі өзіндік орны бар ұйымға айналды.

Балаларды қорғау және жеке жауапкершілік

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:32

Балаларды қорғау және жеке жауапкершілік
Кеше Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназияда «Не молчи KZ» қоғамдық қоры мен «Ұран» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау тақырыбында журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы аталған қоғамдық ұйымдар өкілдерінің Ақтөбеге келудегі мақсаты — бір.

11 айдағы сәйкессіздік деңгейі — 12,1 пайыз

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:32

11 айдағы сәйкессіздік деңгейі — 12,1 пайыз
Облыстағы сауда орындарында жүргізген мониторинг аясында тамақ өнімдерінің зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша 2019 жылдың қаңтар-қараша айлары арасында сәйкессіздік 12,1%-ды құрап отыр.Білгеніміздей, тамақтардың басты сәйкессіздік көрсеткіші құс өніміне тиесілі, оның көрсеткіші — 57,5%. Сондай-ақ ет өнімдері — 55,0 %, балық – 35,05%, аспаздық өнімдер — 22,1%, кондитерлік —11,2 %, басқа өнімдер — 11,2%, ұн өнімдері – 7,0%, сүт өнімдері – 5,7%, май өнімдері — 5,5%, көкөністер мен жемістер — 3,7 %, алкогольді сусындар — 3,3%, алкогольсіз сусындар — 3,0%, арнайы тағамдар — 2,5% және биологиялық белсенді заттар — 1,8% құрап отыр.Сәйкессіздік анықталған тағам өнімдерінің 28,9 пайызы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сай келмеген, соның ішінде ішек таяқшаларының және өңез микрооганизмдері анықталуы, ашытқы микроорганизмдерінің нормадан көп болуы, 3,4 пайыз өнімдердің физико-химиялық көрсеткіші бойынша, яғни майдың аз болуы, сүт өнімдерінде май-қышқыл құрамының сәйкес келмеуі анықталған.

Құқықтық сауаттылыққа назар аударылды

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:22

Құқықтық сауаттылыққа назар аударылды
ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Қайрат Зайыровтың ұйымдастыруымен Ақтөбе гарнизонының әскери полиция органдарының және әскери бөлімдер басшыларының қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.Ашық әңгімеде Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері тарапынан жасалынған құқықбұзушылықтардың деңгейі жоғары болып отырғандығы атап көрсетілді.

Облыс  жаңа жүйені енгізуге дайын ба?

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:22

Облыс  жаңа жүйені енгізуге дайын ба?
Облыстың 2020 жылы МӘМС жүйесін енгізуге дайындығымен танысу үшін Ақтөбеге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет және республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы директорының орынбасары Манат Искаков келді. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге әзірлік аудитін жүргізді. Өңірлік штабтың отырысында Т.Тұрмағанбет ақтөбеліктерді толық медициналық сақтандыру жүйесімен қамту, барлық медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, өңірдің әр тұрғынының сақтандыру мәртебесін анықтау маңыздылығын атап өтті.— Аймақтың әр тұрғыны сақтандыру жүйесі туралы білуі тиіс. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыссыздарға қатысты шаруаларды жеделдету қажет.

Қазанғаптың күйлері күмбірледі

Ақтөбе газеті, 21 декабря 2019 в 02:22

Қазанғаптың күйлері күмбірледі
Сәрсенбі күні Өнер орталығында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония мен «XXI ғасыр дарындары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ақтөбе өңірінде күй мектебін қалыптастырушы, күйші Қазанғап Тілепбергенұлының 165 жылдығына арналған «Күйдің пірі – Қазанғап» атты концерт өтті.Кеште А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, күйші Жайлау Асылханов, ҚР Мәдениет саласының үздігі Талап Хамзин, халықаралық конкурстардың лауреаты Құрманғазы Асылханов, республикалық конкурстардың лауреаты Жалғас Болатұлы, т.б. өнерпаздар өнер көрсетті.Концерт барысында Жайлау Асылханов Қазанғап Тілепбергенұлының «Әлиманың боз жорғасы», «Балжан әйел» күйін орындаса, Талап Хамзин «Рұқсат берші, Балжан қыз» күйін тартып берді.

«Мен Қазақпын!« патриоттық челенджін Ақтөбе облысы да қолдайды! (Видео)

Ақтөбе газеті, 20 декабря 2019 в 21:22

“Мен Қазақпын!“ патриоттық челенджін Ақтөбе облысы да қолдайды! (Видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолдаған, халқымыздың ұлттық рухын көтерген «Мен Қазақпын!« патриоттық челенджін құтты мекен Ақтөбе облысы да қолдайды.

Ақтөбеде жаңа сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ашылады

Ақтөбе газеті, 20 декабря 2019 в 16:32

Ақтөбеде жаңа сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ашылады
2019 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «ANTIKOR ORTALYGY» жаңа сервистік ғимаратын ашады.Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облысымызда «Open space» форматына көшкен алғашқы құқық қорғау органы.

Қауіпсіз сыйлықты таңдаңыз!

Ақтөбе газеті, 20 декабря 2019 в 16:22

Қауіпсіз сыйлықты таңдаңыз!
Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Жаңа жыл қарсаңында ата-аналарға сапалы және қауіпсіз тәтті сыйлық алу үшін бірнеше ережелерді ұстануды ұсынады.Атап айтқанда, жаңажылдық тәтті сыйлықтарды ұйымдасқан сауда орындарынан сатып алу керек.

Италиямен тауар айналымы арта түседі

Ақтөбе газеті, 19 декабря 2019 в 10:32

Италиямен тауар айналымы арта түседі
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Италияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Паскуале Д’Авиномен кездесті.Екіжақты кездесу барысында саяси және экономикалық, мәдени гуманитарлық қарым-қатынас жайы сөз болды. Ақтөбе өңірінің көптеген шетелдік компаниялармен тығыз қарым-қатынаста екенін айтқан облыс басшысы Италия елінің де ерекше маңызға ие екенін жеткізді.— Ақтөбе облысының аумағында шетелдік капиталдың қатысуымен 900-ге жуық компания тіркелген, оның ішінде 5 итальяндық капиталдың қатысуымен жұмыс істейді.

Қуаттылығы 48 МВт жел электр станциясының бірінші кезеңі іске қосылды

Ақтөбе газеті, 19 декабря 2019 в 10:32

Қуаттылығы 48 МВт жел электр станциясының бірінші кезеңі іске қосылды
Кеше Қарғалы ауданында «Art Wind» ЖШС-ның энергияның жаңғырмалы көздері саласында бірінші жобасы іске қосылды. Жел электр энергиясы өндірісі жөніндегі ірі жобаны итальяндық инвестор — «Eni» компаниясы «Kazakһ Invest» ұлттық компаниясы қолдауымен, «General Electric» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды.

Трансплантология: Түркиямен ынтымақтастық артады

Ақтөбе газеті, 19 декабря 2019 в 10:22

Трансплантология: Түркиямен ынтымақтастық артады
Ақтөбе медициналық орталығында Қазақстанда трансплантологияны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық симпозиум өтті.Жиынға Түркияның Башкент университетінің, госпиталінің және Дүниежүзілік трансплантология қоғамының президенті, профессор Мехмет Хаберал және медицина ғылымының докторы, академик Жақсылық Досқалиев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң қызметі департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет қатысты.

Білім саласындағы үздіктер марапатталды

Ақтөбе газеті, 19 декабря 2019 в 10:22

Білім саласындағы үздіктер марапатталды
Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Шығармашылық академиясында өткен екі бірдей мерекелік шараға қатысты. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында бірқатар мектеп оқушылары «Жас ұланның» қатарына қосылса, жыл бойы белсенділігімен көзге түскен дарынды балалар облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. «Жас ұланның» қатары толықтыШығармашылық академиясының кіреберіс залында өткен «Ұланымыз ұлы елдің» атты шарада оқуда озат, талапты 60 оқушы «Жас ұлан» ұйымына қабылданды.Ақтөбе қаласы мен облыстық мектеп-интернаттардан келген оқушылар облыс әкімі мен оның орынбасары, облыстық білім басқармасының басшысы және ардагер ұстаздар алдында Отанымыз — Қазақстан Республикасының патриоты болуға, елін шексіз сүюге және қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін сақтауға, толерантты, жан-жақты тұлға болуға, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға, ел тарихын құрметтеп, Тәуелсіз Отанымыздың бүгіні мен болашағын мақтаныш етуге ант етті.Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, жас сарбаздар дефилесі ұйымдастырылды.Жас өрендерді «Жас ұланның» қатарына қосылуларымен құттықтаған облыс әкімі:— Жастар — еліміздің болашағы.

«Тәуелсіздік» стелласы бой көтерді

Ақтөбе газеті, 19 декабря 2019 в 10:12

«Тәуелсіздік» стелласы бой көтерді
Ақтөбеде «Тәуелсіздік» стелласының ашылуына орай салтанатты жиын өтті.Жиынға еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, қалың көпшілік, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қатысты.Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының гимнімен басталды. Гимн қалалық Мәдениет үйінің үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды.Еңбек ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков құттықтау сөзінде:— «Тәуелсіздік бізге не берді?» дегенде, атап айтатын жетістіктеріміз көп.

«Сахнагер-2019»: ақтөбеліктердің асуы

Ақтөбе газеті, 19 декабря 2019 в 10:12

«Сахнагер-2019»: ақтөбеліктердің асуы
Елордада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының марапаттау кеші өтті. Аталған салтанатты жиында ақтөбелік мәдениет майталмандары да ескерусіз қалған жоқ. Елімізде биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған марапат драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, айрықша дарыны мен шығармашылығы арқылы ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан кәсіби мамандарға берілді.

Әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті

Ақтөбе газеті, 19 декабря 2019 в 10:12

Әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті
15-16 желтоқсан күндері облысымыздағы Мұз сарайы спорт кешенінде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде жалпы 9 салмақта 40-тан астам мемлекеттің балуандары бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Энергетика министрі, Qazaq Kuresi халықаралық федерациясының президенті Қанат Бозымбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, ҚР Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Азия күрес кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыханов, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан келген Олимпиада және Әлем чемпионы Ли Вон Хи, ирандық әлем чемпионы Араш Мир Эсмайели, олимпиада жүлдегері Оскар Рене Брайсон Видал және ЮНЕСКО өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде:— Қазақ күресі ғасырлар бойы халқымыздың жауынгерлік, жекпе-жек өнерлерімен біте қайнасып, қанына сіңген сала.

Әке арманын ақтаған

Ақтөбе газеті, 19 декабря 2019 в 10:02

Әке арманын ақтаған
1937 жылғы саяси қуғын-сүргінде НКВД-ның жандайшаптары «Жапония шпионы» деген нақақ жаламен ғалым-ұстаз Құдайберген Жұбановты алды-артына қаратпай, үйелмелі-сүйелмелі алты баласын зар жылатып, айдап әкетті. Есет сол кезде 8 жаста еді. Ғалымның жары, ақылды да парасатты Раушан ана бала-шағасын алып, туған жері, алтын бесігі Ақтөбе облысының Жұрын ауданына бір-ақ тартады.
Показано 30 новостей из 7 311